ҚазҰУ-дың бір топ магистрі жуырда Прагадағы жекеменшік журналистика мектептерінің бірінде тәжірибе жинау курсынан өтті. Азат Еуропа/Азаттық радиосының бас кеңсесінде қонақта болған жас журналистер Қазақ қызметінің журналистерімен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Азаттықтың онлайн-продюсері Ғалым Боқашқа берген сұхбатында олар Батыс журналистикасынан байқаған ерекшеліктерін, сөз бостандығы деңгейін, ағылшын тілін білудің артықшылықтарын және жинаған тәжірибелерін Қазақстандағы кәсіби қызметінде тиімді пайдалану жоспарларын айтты. Студиядағы әңгіме-дүкенге журналистика магистрлері Назгүл Әбушәріпқызы, Арайлым Бимендиева, Нұрлан Наурызәлиев, Гүлназ Сатыбалдықызы және Аманкелді Сейітхан қатысты. Сұхбаттың аудионұсқасын төмендегі сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.
Your browser doesn’t support HTML5