Прокурорлардың жоспарлы тексерісі мектеп деңгейіндегі жанжалға ұласты. Қарағандыда кейбір мектеп әкімшіліктері күнделікті қажетті тұрмыстық заттарды сатып алуға қаржы жетпегендіктен, мектеп асханасын түрлі той-томалақ, ас мәзірлерін өткізуге жалға беру арқылы жағдайдан шығып келген.
-Қарағанды қаласындағы 5- ші мектеп- интернатта балалар асханасы той томалақ өткізу орындарына айналған. Осы тойлар мен туған күндер өтіп жатқанда балаларды жеке бөлмелерге қамап ұстаған. Олар сол жатын бөлмелерінде қалай болса солай тамақтандырылып, тазалық талаптары да сақталмай келген. Сонымен қатар той болғансын қатты музыка қойылады, балалар у-шудан мезгілінде ұйықтай да алмайтын болған,- дейді мектептерде тексеріс жүргізген Октябр аудандық прокуратурасының бөлім бастығы Бауыржан Мағжин.
Қарағандыдағы нөмірі 5 ші меткеп интернатының әкімшілігімен хабарласқанымызда осы тексерістерден кейін асхананы той томалаққа жалға беру тоқтатылды деген жауап алдық. Мектеп басшылығының айтуынша енді балалардың құқына нұқсан келтіретін жағдайларға жол берілмейтін болыпты..
-Ия мектепте жүргізілген тексерістерден кейін асханада той өткізуді тоқтаттық. Өйткені бұл үшін мектеп- интернат директоры сөгіс алды деп естідім. Енді мұндай жұмыстармен айналыспаймыз,-дейді Қарағанды қаласындағы № 5 ші мектеп интернаты директорының орынбасары Гүлмира Акизова.
Прокуорлар келтірген деректер бойынша, мектеп асханасы той томалақ өткізуге 100 мыңнан 300 мың теңгеге дейінгі бағамен жалға беріліп тұрған. Аталған мектеп директоры орынбасарының айуынша, мектеп асханасы жалға берілген кезде, жалға алушылардан төлемге ақша алынбаған. Төлемақының орнына түрлі қажетті заттар алып отырдық дейді ол.
Асхананы жалға алып, той өткізгендер беретін кір жуатын ұнтақ пен шарушылық заттары мектептің тұрмысына пайдаға асқан. Себебі мектепте осындай шаруашылыққа қажетті заттарды алуға қаражат жоқ көрінеді.
Қазір анықталған жағдайлар бойынша қозғалған іс қаржы полициясының қарауына беріліпті. Ал заң бұзушылыққа жол берген екі мекеме директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылған.