Қаржы компаниясы өкілдері «Қазақстанда депозиттен қарапайым халық емес, банктер қыруар пайда табады» дейді. Ал банк өкілінің айтуынша «халық пайда көрмесе, ақшасын депозитке салмас еді».
– Еңбек етіп тапқан үш жүз мың теңгені банкке депозитке салғанмын. Бір жыл бойы ала алмаймын. Салған ақшам осы уақытта шамамен 27 мың теңгеге өседі. «Қолымда босқа жатқанша банкте өсе берсін» деп салғанмын. Кейін білгенімдей, мен ашқан депозиттен менен гөрі банк көп пайда көреді екен. Бірақ қарапайым халықта басқа таңдау жоқ. Банктердің барлығында пайыздық өсім бір, – дейді Алматыдағы менеджерлік компаниялардың бірінің қызметкері Асқарбек Бөкебаев.
БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ ЖЫЛДЫҢ ӨСІМІ – 90 МЫҢ ТЕҢГЕ
Қазақстандағы банктердің депозиттік өсімі – жылына 7-9 пайыз. Ал доллармен салған депозиттің өсімі жылына – 4,5-5 пайыз, еуроныкі - 3,5 пайыз. Мәселен, Қазақстанның кез келген банкіне бір миллион теңгені бір жылға салсаңыз, бұл сомаңыз осы уақытта 70-90 мың теңгеге ғана өседі. Талап бойынша, депозитке кем дегенде 15 мың теңге салу керек. Ал 15 мың теңге салып, оның бір жылда өскенін күтсеңіз, ақшаңыз 1 мың 300 теңгеге көбейеді. Бұл мәліметтерді Азаттықтың тілшісі банктер арасында жүргізген зерттеуінде анықтады.
«Паритет-Қазақстан» қаржы компаниясының дерегіне қарағанда, қазір Қазақстан халқы 38 банкке 3,5 триллион теңгені депозитке салған.
– Қазақстанда депозит салушылардың саны артып келеді. Бірақ салымшылар өте аз пайда табады. Жалпы, әлемдік тәжірибеде депозит – ең тиімсіз қаржы операциясы. АҚШ халқы депозит ашуды қаламайды. Олар өз қаржыларын акцияларға береді. Ал қазақстандықтарда депозиттен басқа амал жоқ. Сондықтан олар «ақшамыз үйде жатпасын» деп, депозитке салады. Қазақстандықтар қаржы салатын басқа актив көздерін таппайды, – деді осы компанияның қаржылық кеңесшісі Марат Ғазизов Азаттыққа берген сұхбатында.
УКРАИНАДА – 20 ПАЙЫЗ, ҚАЗАҚСТАНДА – 9 ПАЙЫЗ
«Инвест» порталының мәліметіне сүйенсек, Украина депозиттегі өсім бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл елде ұлттық валютадағы депозиттің жылдық өсімі – 18-26 пайыз арасында, ал еуродағы өсім – 11 пайыз.
Салыстырмалы түрде айтсақ, Қазақстандағы БТА банктің депозиттік өсімі – жылына 8 пайыз. Ал осы банктің Украинадағы еншілес бөлімінде жылдық өсім – 20 пайыз.
«Инвест» порталының дерегі бойынша, Азиядағы кейбір елдердегі (Иранда – 18,03 пайыз, Бангладеште – 12,5 пайыз, Шри-Ланкада – 12,5 пайыз, Мьянмада – 12 пайыз) салым пайызы Қазақстан банктерінің деңгейінен жоғары.
Ал Германия (1,4 пайыз), Швейцария (0,125 пайыз) және АҚШ-та (1,05 пайыз) депозит өсімі өте төмен.
ДЕПОЗИТ ПЕН НЕСИЕ
Бірақ қаржы компаниясының қаржылық кеңесшісі Марат Ғазизовтың айтуынша, «Еуропа елдерінде депозиттің пайызы төмен болғанымен, қаржыны нарықта айналдыратын және одан пайда табатын әдістер көп».
– Мысалы, түрлі акцияларға қатысуға және қаржыны қор акцияларына салу арқылы біраз табыс табуға болады. Ал Қазақстанда депозит пен несиенің пайызы сәйкес келмейді. Банк халықтың салған ақшасын 9 пайызға өсіреміз деп алады да, өздері сол қаржыны 15-20 пайызбен несиеге береді. Осының өзінен-ақ банктердің халық қаржысынан табатын пайдасын есептеуге болады, – дейді ол.
Алматыдағы «Қазкоммерцбанктің» Райхан есімді кеңесшісі банкке депозит салғысы келетін азаматтар көп екенін айта келе «сондықтан халық депозиттен аз пайда табады дей алмаймыз» деді.
– Егер пайдасыз болса, халық банктен депозит ашпас еді. Әрине, көп қаржы салса, пайда көп болады. Азаматтардың ақшасы қолында босқа тұрғанша, банкте өсіп жатқаны әлде қайда тиімді. Ал халық салған депозиттен банктің өзі қанша пайда табатыны және ол қаржылар қалай айналымға түсетіні – құпия, – деді банк өкілі.
Мақаланы автордың Facebook желісіндегі жеке парақшасында да талқылауға болады.
(Материалды әзірлеуге Нұрмахан Ахметов қатысты)

Қазақстанда депозит пен несиенің пайызы сәйкес келмейді. Банк халықтың салған ақшасын 9 пайызға өсіреміз деп алады да, өздері сол қаржыны 15-20 пайызбен несиеге береді.