«Қазатомпром» ісіне қатысты ұсталған топ-менеджерлердің әйелдері қамаудағылардың хал-ахуалын біле алмай отырғандарын мәлімдеп, тағы бір мәрте биліктегілерге ашық хат жолдады. Жәкішевтің күзетшісі Қыстаубаевтың тұтқындалғанына 24 маусымда бір ай толды.
Мұхтар Жәкішевтің күзетшісі Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова өз күйеуінің ұсталғанына тура 1 ай болғанын, осы уақыт аралығында ол туралы ешқандай хабар біле алмай отырғандығын айтады.
Майор Талғат Қыстаубаевқа Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша, «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылған.
- Алайда, Ішкі істер министрлігіне қарайтын мемлекеттік «Күзет» арнаулы күзет бөлімшесінің қарапайым күзетшісі қандай қызмет бабын асыра пайдалануы мүмкін? - дейді Сара Сағындықова.
Талғат Қыстаубаев - Ішкі істер министрлігінің қызметкері. Полицияда 20 жылдан бері жұмыс істеген ол енді екі жылдан кейін зейнетке шығуы тиіс екен. Сара Сағындықова күйеуінің қазір қайда екендігінен мүлде бейхабар.
Өткен айдың 23-інде тұтқындалған «Степногор тау-химиялық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Эшмурат Пирматовтың денсаулығы сыр бере бастаған көрінеді. Бұл туралы оның әйелі Тамара мәлімдеді.
Э.Пирматов куәгер ретінде қамауға алынып, куәгерлерді қорғау деп аталатын жүзінші бап бағдарламасына сәйкес қорғауға алынған. Тамара Пирматованың сөзіне қарағанда, оның күйеуі қазір Астанада құпия пәтерде ұсталып отыр.
- Мен дәрігермін, маған өз күйеуімнің жайы бір көргеннен-ақ белгілі. Ол әрдайым өзін-өзі жетілдіріп отыратын ізденімпаз, өз елін сүйетін патриот адам. Мен оған дәрі-дәрмегін уақытылы беріп күтетінмін. Ал қазір бір ай болды ешқандай күтім жоқ, – дейді Тамара Пирматова.
«Қазатомпром» ісінде куәгерлер ретінде ұсталған топ менеджерлер бір-бірін көрмеген, оларды дәрігер қарамайды, тіпті олардың адвокаттары да бұл іске атсалысуда немқұрайдылық танытып отыр дейді жиналған әйелдер.
- Егер қажетті күтім жасамаса, онда біздің барлығымызға күйеулерімізбен бірге тұруға рұқсат берсін, – дейді қамауда отырған
Бұдан бөлек Марика өз күйеуінің мемлекет тағайындаған адвокаттан бас тартқандығын мәлімдеді. Өйткені, адвокат өзінің тікелей міндеті – қорғалушының құқы мен мүддесін қорғауға қатысты ешқандай қимыл-әрекет жасамаған.
Баспасөз-мәслихатын өткізген «Қазатомпромның» қамауда отырған топ-менеджерлерінің әйелдері төрт тараудан тұратын талаптарын алға тартты:
- Біздің күйеулеріміз кімдер: айыпталушылар ма әлде куәгерлер ме, егер куәгерлер болса, тез арада босатылуын талап етеміз;
- Күйеулеріміздің денсаулығын арнайы қызмет жіберген дәрігерлер емес, тәуелсіз дәрігерлердің тексеруін қалаймыз;
- Біз ҰҚК бұл істі жария етіп, оған өзіміз таңдаған адвокаттарды жіберуін талап етеміз;
- Біз сот процесінің ашық және жариялы болып, барлығының да арнайы қызмет орындарының қандай дәлел-дәйектерінің бар екендерін көруін, білуін талап етеміз.
Осылайша топ менеджерлердің әйелдері істің барынша ашық әрі әділ өтуін талап етіп, Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың атына ашық хат жолдады. Онда «Қазатомпром» ісі бойынша ұсталғандардың құқықтары бұзылып отырғандығына басты назар аударылып, «сталиндік қудалау кезеңі келмеске кетті, ол ешқашан қайтып келмейді деп үміттенеміз» делінген.
Ашық хаттың соңында Қазақстан президентінің «Қазатомпром» ісінде заңдылық сақталсын деген тапсырмасын басшылыққа алуды өтінеміз деп жазады қамаудағы топ-менеджерлердің әйелдері.
Майор Талғат Қыстаубаевқа Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша, «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып тағылған.
Тұтқындағы Мұхтар Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева (сол жақта) және М.Жәкішевтің күзетшісі болған, қамауда отырған полиция офицері Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова. Алматы, 24 маусым 2009 ж.
- Алайда, Ішкі істер министрлігіне қарайтын мемлекеттік «Күзет» арнаулы күзет бөлімшесінің қарапайым күзетшісі қандай қызмет бабын асыра пайдалануы мүмкін? - дейді Сара Сағындықова.
Талғат Қыстаубаев - Ішкі істер министрлігінің қызметкері. Полицияда 20 жылдан бері жұмыс істеген ол енді екі жылдан кейін зейнетке шығуы тиіс екен. Сара Сағындықова күйеуінің қазір қайда екендігінен мүлде бейхабар.
Өткен айдың 23-інде тұтқындалған «Степногор тау-химиялық комбинаты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Эшмурат Пирматовтың денсаулығы сыр бере бастаған көрінеді. Бұл туралы оның әйелі Тамара мәлімдеді.
Э.Пирматов куәгер ретінде қамауға алынып, куәгерлерді қорғау деп аталатын жүзінші бап бағдарламасына сәйкес қорғауға алынған. Тамара Пирматованың сөзіне қарағанда, оның күйеуі қазір Астанада құпия пәтерде ұсталып отыр.
- Мен дәрігермін, маған өз күйеуімнің жайы бір көргеннен-ақ белгілі. Ол әрдайым өзін-өзі жетілдіріп отыратын ізденімпаз, өз елін сүйетін патриот адам. Мен оған дәрі-дәрмегін уақытылы беріп күтетінмін. Ал қазір бір ай болды ешқандай күтім жоқ, – дейді Тамара Пирматова.
«Қазатомпром» ісінде куәгерлер ретінде ұсталған топ менеджерлер бір-бірін көрмеген, оларды дәрігер қарамайды, тіпті олардың адвокаттары да бұл іске атсалысуда немқұрайдылық танытып отыр дейді жиналған әйелдер.
- Егер қажетті күтім жасамаса, онда біздің барлығымызға күйеулерімізбен бірге тұруға рұқсат берсін, – дейді қамауда отырған
«Қазатомпромның» қамауда отырған бұрынғы вице-президенті Малхаз Цоцорияның әйелі Марика Цоцория. Алматы, 24 маусым 2009 ж.
«Қазатомпромның» бұрынғы вице-президенті Малхаз Цоцорияның әйелі Марика.Бұдан бөлек Марика өз күйеуінің мемлекет тағайындаған адвокаттан бас тартқандығын мәлімдеді. Өйткені, адвокат өзінің тікелей міндеті – қорғалушының құқы мен мүддесін қорғауға қатысты ешқандай қимыл-әрекет жасамаған.
Баспасөз-мәслихатын өткізген «Қазатомпромның» қамауда отырған топ-менеджерлерінің әйелдері төрт тараудан тұратын талаптарын алға тартты:
- Біздің күйеулеріміз кімдер: айыпталушылар ма әлде куәгерлер ме, егер куәгерлер болса, тез арада босатылуын талап етеміз;
- Күйеулеріміздің денсаулығын арнайы қызмет жіберген дәрігерлер емес, тәуелсіз дәрігерлердің тексеруін қалаймыз;
- Біз ҰҚК бұл істі жария етіп, оған өзіміз таңдаған адвокаттарды жіберуін талап етеміз;
- Біз сот процесінің ашық және жариялы болып, барлығының да арнайы қызмет орындарының қандай дәлел-дәйектерінің бар екендерін көруін, білуін талап етеміз.
Ашық хатта ұсталғандардың құқықтары бұзылып отырғандығына басты назар аударылып, «сталиндік қудалау кезеңі келмеске кетті, ол ешқашан қайтып келмейді деп үміттенеміз» делінген.