Аралдағы паром
Қызылжар ауылындағы 180-дей үйдің халқы осы паромнан өтіп, қара жолмен аудан орталығы Аралға дейін 110 шақырым жол жүріп барады.
Жүк көліктері паромға мінгені үшін 400-800 теңге аралығында ақы төлейді.
Ал жеңіл көлік иелері Сырдариядан бір рет өту үшін паромға 200 теңге береді.
Паром қызметкері Мараттың сөзінше, күніне кемінде 30 көлік өтеді.
"Қырымбек Көшербаев облысқа әкім болып келгенде жағдайымызбен танысып, жақын арада көпір салып беремін деп уәде еткен. Одан бері қанша уақыт өтті" дейді Марат.
Марат қазір паромның күйі кеткенін, тростары ескіргенін, шарасыздан жұмыс істеп тұрғанын айтады.
Тұрғындарды Сырдариядан ары-бері өткізетін паром кешкі сағат 9-дан кейін тоқтап қалады.
Бірақ паром жұмысшысы Марат кешкі 9-дан кейін аудан орталығына баратын шұғыл шаруалары шыққан тұрғындарды бәрібір өзеннен өткізіп салатынын айтады.