Паралимпиададағы жетістік – әзірше 7-орын

Қазақстанның паралимпиада делегациясы. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл. (Сурет Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінен алынды).

Паралимпиада ойындарының аяқталуына үш күн қалды. Жалпы есепте 69 алтын алған Қытай құрамасы бірінші орында тұр.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР

Қазақстандық спортшы Зүлфия Ғабдуллина 50 метрге шалқалап жүзуден он екінші орын алды. Бір аяғы сал болып, мүгедектер арбасына таңылған 46 жастағы Ғабдуллина – паралимпиада ойындарындағы ең егде спортшылардың бірі. Ол спортпен жиырма шақты жылдан бері спортпен айналысып келеді. Жарыс алдында спортшыны бассейнге жаттықтырушысы Саттар Бейсембаев түсіреді.

Ал 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында Әнуар Ахметов он алтыншы орын алып, финалға өте алмады. Жарыс кезінде жанары әлсіз спортшыға жаттықтырушысы Владимир Загародный жол нұсқап, бағыт-бағдар беріп жүреді.

Паралимпиада ережесі бойынша көзі көрмейтін, аяқ-қолы кем спортшыларға жарыс

Қазақстандық жеңіл атлет Айнұр Байдулдаева паралимпиада жарысында. Лондон, қыркүйек, 2012 жыл. (Сурет Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігінен алынды).

кезінде жаттықтырушылары көмектесуге тиіс.

200 метрге жүгіруден Айнұр Байдулдаева финалға шыға алмай, жарысты ерте аяқтады. Ол тілі мүкіс, құлағы естімейтін жандардың арасында жарысқа қатысады.

Пауэрлифтингтен (шалқалап жатып штанга көтеру) әйелдер арасындағы 44 килограмм салмақтағы спортшылар бәсекесінде Кәбира Асқарова жетінші орын алды.

Қазақстандық атлет 65 килограмдық штанганы көтерді.

ЖЕҢІМПАЗДАР

Осыған дейін «Формула-1» жарысына қатысқан италиялық Алессандро Занарди де паралимпиада алтынын алды. Бұл спортшы 2001 жылы Германияда өткен жарыста апатқа ұшырап, екі аяғынан айырылған еді.

Фиджи спортшысы Илесса Делена биіктікке секіру жарысында чемпион атанды. Спортшының бір аяғы кем. Паралимпиада ойындарының сайтындағы мәліметке қарағанда, Делена жағалауда суға түсіп жүргенде аяғын моторлы қайық басып кеткен.

АҚШ спортшысы Паул Нитц Вьетнам соғысында бомбаға түсіп, кейін дәрігерлер

Италиялық Алессандро Занарди жеңісіне қуанып отыр. Лондон, 5 қыркүйек 2012 жыл.

оның екі аяғын да кесіп тастаған. Нитц биылғы паралимпиада ойындарында арбамен жарыста қола жүлдеге ие болды.

Ал Ирак спортшысы Амар Әли теракт кезінде зардап шеккен. Төрт жыл бойы қылыштасу спортымен айналысқан спортшыға халықаралық федерация паралимпиадаға жолдаманы тікелей берген еді.

Кениялық спортшы Давид Корирдің бір көзі жоқ. Оның орнына жасанды көз орнатылған.

Жапониялық паралимпиадашы Тамоиа Ито жер сілкінісі кезінде екі аяғынан айырылыпты.

Ауғанстаннан келген Мохаммад Рахими СССР мен Ауған соғысында зардап шеккен.

Қытай спортшыларының ішінде тайфун мен цунамиден соң мүгедек болып қалған азаматтар да бар.

АЛДА – ҚЫТАЙ

Лондондағы биылғы паралимпиадаға 13 жастан бастап 63 жасқа дейінгі спортшылар қатысып жатыр. Ұлыбританиялық волейболшы Джули Роджерстің

Украиналық жүзгіш Ярослав Семененко. Лондон, 30 тамыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

жасы – 13 жаста, жүзгіш Клои Дэвис пен Эми Маррен – 14 жаста. Ал садақ атудан жарысқа қатысқан ағылшын спортшысы Кэйт Мэрри 63 жасқа толған.

Паралимпиада ойындарының аяқталуына үш күн қалды. Әзірше 68 алтын алған Қытай құрамасы – бірінші, Ресей (30) – екінші, Ұлыбритания (29) – үшінші орында келе жатыр.

Украина (25 алтын), Беларусь (4 алтын), Әзербайжаннан (2 алтын) да паралимпиада чемпиондары шықты. Фиджи, Португалия, Намибия, Македония, Исландия, БАӘ, Сингапур, Венесуэла, Ангола, Индонезия, Шри-Ланка спортшылары да жүлде алды.