Жыл оқиғалары - карикатурада
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың "Қазақстан билігі ақша жымқырып, қазба байлықтарды шашып жатыр" деп бірнеше рет мәлімдеме жасады. Осыдан кейін Қазақстан шекарадағы тексеруді күшейтті. Шекарада кезек көбейіп, жүк көліктерінің өтуі қиындады. Желтоқсан соңында Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбой Жээнбеков Астанаға арнайы сапармен келіп, Назарбаевпен кездесіп кетті. Назарбаев "бұл істің бәріне Қырғызстандағы бір кісіні" кінәлады.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" атты мақаласы жарияланды. Осыдан кейін елде "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау шаралары жиіледі. Эстрада әншілерінің концерттері, балабақша мен мектептегі шаралардың бәрі "Рухани жаңғыру" идеологиясы аясында өтті. Қазақстан латын әліпбиіне көшу процесін бастады.
Қазақстанда конституцияға кезекті өзгеріс еніп, президенттің 40-қа жуық өкілеттілігі парламент пен үкіметке берілді.
Қазақстан билігі «банк жүйесін сауықтыруға» бюджеттен екі триллион теңге бөлді. Бұл қазіргі айырбастау бағамы бойынша алты миллиард АҚШ долларына және республика бюджетіне түседі деп болжанған кірістің 40 пайызына тең.
Маңғыстауда мұнайшылар тәуелсіз кәсіподақтары конфедерациясы жабылуына қарсы шықты. Кейін осы ереуілді ұйымдастырды деп екі адам сотталды. Теміртауда кеншілер жалақыларын жүз пайызға көтеруді талап етіп, төрт күн шахтада шықпай қойды. Кеншілер жер бетіне төрт күннен кейін шығып, олардың жалақысы 30% өсті. Қазақстанда 2017 жылы болған жұмысшылар ереуілдерінің ешбірі талаптарын толық орындата алмады.
2017 жылы Астанадағы халықаралық әуежайға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілді. Жыл соңында Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің ұсынысымен Фурманов көшесінің аты Назарбаев даңғылы деп өзгерді.