Жоғарғы сот балқаштық адвокат Зинаида Мухортованың өзін психиатриялық клиникаға еркінен тыс жатқызуға қатысты шағымын қарауды кейінге қалдырды. Мухортованың өзі Қазақстаннан қашып кеткен.
Бұрын екі мәрте жатып шыққан психиатриялық ауруханаға тағы да күшпен қамалу қаупінен қорыққан Зинаида Мухортова былтыр желтоқсан айында елден кетіп қалған. 2009 жылы парламент депутаты Ерлан Нығматулиннің үстінен Қазақстан президентіне жазған шағым хаты 57 жастағы адвокат әйелдің өмірін астаң-кестең етіп, психиатриялық клиникаларға қамауға ұласты. Клиникада оған зорлап дәрі беріп «емдеп», адам төзгісіз азапқа салған.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, шындық іздеп парламент депутатының үстінен шағым жазғаны үшін билік адвокатты совет стилінде жазалаған. «Есі ауысқан адам» деген желеумен психиатриялық ауруханаға ұзаққа жауып тастағысы келген.
Былтыр тамыздың 9-ы күні Мухортованы пәтерінен соңғы рет күшпен әкетіп,
«сандырақтау дертінің созылмалы түрі» деген диагнозбен Балқаштағы психиатриялық диспансерге қайта қамады. Зинаида Мухортованың 2011 жылы күшпен ауруханаға қамауға қатысты берген алғашқы шағымы бойынша өкілі заңгер Амангелді Шорманбаевтың айтуынша, сот бұл іске қатысты қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартқан.
Зинаида Мухортова соңғы шағымын былтыр тамыз айында жолдаған болатын. 2013 жылдың желтоқсанында Қарағанды облыстық соты Зинаида Мухортованы мәжбүрлі түрде психиатриялық клиникаға жатқызуды заңды деп тауып, оның апелляциялық шағымын орындамай тастады. Жоғарғы сотқа жеткен шағым сәуірдің 17-сі күні алдын ала қаралуы тиіс болған, бірақ сот отырысы кейінге қалдырылды.
Ал балқаштық адвокаттың сіңлісі Наталья Абенттің айтуынша, полицейлер әпкесінің пәтеріне келіп, оның қайтып келген-келмегенін тексеріп тұрады.
"Үйге келіп Зинаиданың қайда екенін сұрайды. Тіпті көршілерден де сұрастырып, оларды «ақыл-есі дұрыс емес деп жазылған қағазға қол қойыңдар» деп үгіттеген. Көршілердің ешкімі әлгі қағазға қол қоймаған" дейді Наталья Абент.
Наталья Абент «Әпкеме неге тыныштық бермейтіндерін түсінбеймін. Оны психиатриялық есептен 2012 жылы шығарған. Бұл туралы оның медициналық картасында жазылған» дейді. Бірақ бұған қарамастан, 2013 жылдың тамызында Зинаида Мухортованы психиатриялық ауруханаға күшпен жатқызып, бірнеше мәрте тексеруден өткізген.
Абенттің айтуынша, былтыр әпкесі Амстердамға барып, тағы бір тәуелсіз сараптамадан өтіп, өз ісі бойынша сот материалдарын шетел мамандарына берген. Наталья Абент халықаралық құқық саласы маманының сараптамалық ұйғарымын Азаттық тілшісіне көрсетті.
Бұл ұйғарымға сәйкес, психиатриялық аурулар саласының халықаралық дәрежедегі жетекші сарапшысы, Нью-Йорк құқық мектебінің профессоры, АҚШ жоғарғы сотының мүшесі Майкл Перлин Қазақстан билігін Зинаида Мухортованы еркінен тыс мәжбүрлеп емдеуге қатысты шешімінен бас тартуға шақырған.
Құжатта Қазақстанның денсаулық және денсаулық сақтау кодексіне өзгерістер енгізіп, «өзі мен айналасындағы адамдарға қауіпті екенін анық әрі бұлтартпай дәлелдейтін фактілерсіз адамды психиатриялық мекемелерге еркінен тыс қамап, емдеуге тыйым салу» қажеттігі көрсетілген.
2009 жылдың шілдесінде Балқаш қаласының бес тұрғын әйелімен бірге парламент депутаты Ерлан Нығматулиннің үстінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «Нұр Отан» партиясына шағым түсіргеннен кейін Зинаида Мухортова Қарағанды облысы билігі тарапынан қудалауға ұшырады. Депутатты «соттардың ісіне араласады» деп айыптаған әйелдердің өздері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Әлгі ұжымдық шағымнан кейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған «Көрінеу жалған өсек тарату» бабы бойынша адвокатқа қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бірақ оны «нақты тұлғалар жайында сандырақтайды» диагнозы бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатып, психиатриялық ауруханаға еркінен тыс емделуге жіберді.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Зинаида Мухортованың ісін назарда ұстап келеді. Олар Қазақстан үкіметін адвокаттан «саяси астары бар» айыптауларды алып тастауға, өзгеше ойлайтын жандарды психиатриялық клиникаға жатқызып, еркінен тыс емдейтін советтік практиканы тоқтатуға шақырады. Астанада Зинаида Мухортованың ісінің сотта қаралу барысын жергілікті «Қадір-Қасиет» үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) мен Еуропалық одақ өкілдері бақылайды.