Қарашаның 15-і күні ұлттық банк Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі басылған 10 мың теңгелік банкнотты таныстырды. Шектеулі таралыммен шығатын бұл банкнот желтоқсанның 1-і - «Тұңғыш президент күні» айналымға жіберілмек.
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылы қарашаның 15-інде айналымға енген. Ескі рубльді теңгеге айырбастау 1993 жылы қарашаның 15-інде сағат 8:00-де басталып, қарашаның 20-сы күні сағат 20:00-де аяқталды. Ұлттық банк 1 теңгені сол кездегі 500 рубльге бағалаған. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 АҚШ доллары 4,75 теңге болып бекіген.
Алғашқы нұсқасын Ұлыбританиядағы Harrison&Sons компаниясы басып шығарған банкноттарда Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр хан және Абылай хан бейнелері болған еді. 2006 жылы теңге жаңа дизайнмен шыға бастағанда тарихи тұлғалар бейнелері алынып тасталған.
Теңге дизайны неге өзгерді? Жаңа банкноттың дизайнын жасау, оны басып шығару, айналымға енгізу шараларының шығыны қандай? Қазіргі банкноттардың сапасы, қорғаныс жүйесі қандай? Осы және басқа да сауалдарға теңге дизайнының алғашқы авторларының бірі Хайролла Ғабжәлелов жауап берді.
Your browser doesn’t support HTML5