Аяз ата мен Ақша қар болып қосымша табыс табатын Әділбек пен Светлана Жаңа жыл қарсаңында күніне үш-төрт тапсырыс түсетінін айтады.
"Аяз ата" мен "Ақша қарға" Алматы қалалық 2-балалар ауруханасындағы жаңа жылдық шырша алдында жолықтық.
– Менің де балам бар. Ауруханадағы балаларды қуантқан – мен үшін бақыт. Жалпы балалармен бірге жүргенді ұнатамын. Себебі баланың көңілі – пәк, таза. Олар шын жан-тәнімен саған сеніп, Ақша қар, Аяз ата ретінде қабылдайды. Сосын сен де сол бейнеге еніп, Ақша қарға айналып кеткеніңді өзің сезбей қаласың. Ал үлкендер сенбейді. Сенбесе, сенің де сөзің жасанды боп шығады, – деді Ақша қар бейнесіндегі Cветлана Грицай.
АҚША ҚАР – ЭКОНОМИСТ, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ
Үш жылдан бері жаңа жыл қарсаңында Ақша қар рөліне енетінін айтқан кейіпкеріміз:
– Алматы қаласындағы балалар орталығында соңғы бірнеше жылдан бері алты жасқа дейінгі балаларға педагог-психолог болып жұмыс істедім. Ал негізгі мамандығым – экономист және офис менеджері, – деді.
Светлана Грицай актерлік кәсіпті балалар орталығында меңгерген екен.
– Балалармен жұмыс істегеннен кейін көктемде, күзде және қыста балаларға
әртүрлі бейнеге еніп, өнер көрсетуге тура келеді. Мәселен, күзде – Күз ханшайымы, көктемде – Наурыз, ал қыста Ақша қар боламын, – деді ол.
Ол еңбекақысы төленбеген соң балалар орталығынан кеткенін, үш айдан бері жұмыссыз отырған соң мереке қарсаңында осы кәсіппен ақша тауып жүргенін айтты.
– Жаңа жыл алдында мектептер, балабақшалар, мекемелер шақырады. Қазір барлық жерде мерекелік шаралар жүріп жатыр. Тіпті күніне үш-төрт шақыру түседі. Үлгеруге тырысамыз, – деген Светлананың сөзіне қарағанда, Аяз ата екеуі бүгін ауруханадағы балаларға тегін қызмет көрсетіп жүр.
Бұл кәсіптің ғұмыры екі аптаға ғана созылатыны айтқан Ақша қар сөз соңында:
– Болашақта өз мамандығым бойынша жұмыс тапсам деп армандаймын, – деді.
АЯЗ АТА – САЯСАТТАНУШЫ, АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ
Ақша қармен бірге Аяз ата болып жүрген жігіттің аты-жөні – Әділбек Төребек.
– КИМЭП-ті (Қазақ менеджмент және экономикалық болжау институты – ред.) саясаттанушы мамандығы бойынша бітіргенмін. Бірақ қазір мектепте ағылшын тілі мұғаліммін. Оған қоса қосымша курстар жүргізіп, тіл үйретемін, – деді "Аяз ата".
Әділбек Төребек басты мақсаты «ақша табу емес» екенін, себебі «өз мамандығы
бойынша тапқан қаражаты да жететінін» айтады.
– Алайда жаңа жыл қарсаңында Аяз ата болып, балалардың алдында өнер көрсету жаныма жақын істердің бірі. Міне, биыл үшінші жыл Аяз ата болып жүргеніме, – дейді Әділбек.
Жаңа жыл мерекесі таяған кезде әртүрлі мекемелерге хабарласып, келісім-шарт жасасатын Аяз ата мен Ақша қар биыл безендіру жұмыстарымен айналысатын бір компаниямен әріптес болып жүр.
Әділбек Төребек «Аяз ата көп ақша табады» деген сөз жалған екенін, өзі былтыр 15 күн ішінде 60-ақ мың теңге тапқанын айтты.