Карантиндегі Нұр-Сұлтанда тауар қымбаттаған
Your browser doesn’t support HTML5
Коронавирустың таралуына байланысты 19 наурыздан бері карантинге жабылған Нұр-Сұлтанда азық-түлік күн санап қымбаттап келеді. Тұрғындардың сөзінше, кейбір тауардың құны 15, кейбір өнім бағасы 30 пайыздай өскен. Қымбаттап жатқанын саудагерлер де растайды. Ал әкімдік өкілі 9 тауарды қымбаттатуға тыйым салынғанын айтады.