Антикор Назарбаев әулетінің оффшор есепшоттары барын жоққа шығармады
Your browser doesn’t support HTML5
Жемқорлықпен күрес агенттігі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің оффшор есепшоттарындағы қаржысын Қазақстанға қайтаруға асықпайды. Агенттік төрағасы Марат Ахметжанов қаржыны мемлекетке қайтару үшін құқықтық негіз керек деді. Ол Назарбаев әулетінің есепшоттарына қатысты тергеу бар-жоғы туралы нақты айтпады. Сұраққа жауап бергісі келмеген шенеунік журналистерден қашып, лифтіге тығылды.