Азаттық радиосы бейсенбі, қазанның 13-і күні Қазақстанның оппозициялық Коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаровпен онлайн-конференция өткізді.
Өткен аптада Қазақстан Коммунистік партиясының қызметі жарты жылға тоқтатылған еді. Бұл партия өзін Қазақстандағы бірден-бір оппозициялық партия деп санайды.
Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Ғазиз Алдамжаров Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы парламенттің белсенді мүшесі болды, Атырау облысы әкімі ретінде де қызмет атқарды, Назарбаевты қолдаған Социалистік партияға да жетекшілік жасады.
Кейін оппозицияға өтіп, коммунистік саяси ұйымға қайта оралды.
Бейсенбі, қазанның 13-і күні, Ғазиз Алдамжаров Азаттық радиосы сайтының оқырмандары қойған сұрақтарға тікелей байланыста жауап берді.
Your browser doesn’t support HTML5