Билік «пастор Қашқымбаевқа қатысты шулы істе жәбірленуші – шіркеуге келушілердің бірі Ләззат Әлменова» деп болжайды. Бірақ жұрт Әлменованың да психиатриялық клиникада еркінен тыс бірнеше мәрте жатқанын біле бермейді.
Астана қаласының тұрғыны Ләззат Әлменова бұл іске биліктің «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаевқа қарсы айыптауына байланысты ілінді. Полицейлердің болжамынша, пастор уағыз арқылы Әлменованың денсаулығына ауыр зардап келтірген.
Ал әйелдің пасторға тағатын кінәсі жоқ. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қысымымен туыстары пастордың үстінен арызды жазған.
ТУЫСТАРЫМЕН АРАЗДЫҚ
34 жастағы Ләззат Әлменованы еркінен тыс психиатриялық сараптамадан өткізу оқиғасы 2011 жылдың жазында басталған. Банктен несие алған Ләззат Әлменова қарызынан құтылу үшін екі бөлмелі пәтерін сатқанын айтады.
– Анам келіп, екеуміз осы жайында сөйлестік. Неге екені белгісіз, ол әлгі ақшаның бір бөлігін «Благодать» шіркеуіне апарып береді деп ойласа керек. Анам қарызымды бірден жауып тастауға қарсы болды, – дейді Ләззат Әлменова.
Оның айтуынша, екеуінің арасында реніш туып, анасы кіші қызына «психолог шақыр» деген.
– 2011 жылдың 15 шілдесінде үш ер адам келіп, анам мен әпкем үшеумізді ауруханаға алып барды. Олар қарсылығыма қарамастан, «тексеріліп шығасың» деп, мені 30 күнге ауруханаға жатқызу туралы арыз жазды, – дейді Ләззат Әлменова.
КЛИНИКАҒА ЕРКІНЕН ТЫС ҚАМАУ
«Бірнеше күн ғана боласың» дегенмен, Ләззат Әлменова психиатриялық ауруханада үш ай жатқан. Оны әуелі «Психикалық денсаулық проблемалары медициналық орталығының» алтыншы бөлімшесіндегі палатада екі күн бақылауда ұстап, ешқайда шығармаған. Кейін басқа палатаға ауыстырып, дәрігерлер «витамин» деп атаған укол сала бастаған. Ләззат Әлменованың
айтуынша, оған күніне үш рет түрлі дәрі беріп отырған. Олардан кейін халі нашарлап, жүрек тұсы шаншып, аяғы тартылып, ұйқы басып, мең-зең күй кешкен. Осы кезде полицейлер келіп, «Благодать» шіркеуі туралы сұрай бастаған.
– Шіркеуге олар айтқандай бірнеше жыл қатарынан емес, бірнеше мәрте ғана барғанымды айттым, – дейді Ләззат Әлменова.
Ләззат Әлменова клиникадан 2011 жылдың қазан айында босап шығады. Дәрігерлер оған ауруханадан шыққан науқастарға берілетін анықтама да, диагнозы туралы қағаз да бермейді. Ол тіпті медициналық ұйғарымның көшірмесін де ала алмаған. Ләззат Әлменова денсаулығы жайында медициналық құжаттарды беруді талап етіп, психиатриялық аурухананың бас дәрігерінің атына, Астана қаласы ішкі істер департаментіне (ІІД), прокуратураға бірнеше мәрте хат жазған.
Биыл тамыз айында Ләззат Әлменова Астана қаласы ІІД тергеу істері жөніндегі басқармасынан жауап алған. Онда «Сіздің атыңызға берілген медициналық құжаттар қазір тексеріліп жатқан қылмыстық іске қатысты материалдарға қосып тіркелген. Сондықтан аталған құжаттарды сізге беру мүмкіндігі жоқ» деп жазылған.
Ләззат Әлменованың денсаулығы туралы мәліметті оның өзінен гөрі қазақстандық КТК телеарнасы жақсы білетін болып шықты. Ләззат Әлменова Қазақстандағы адам құқықтары уәкілінің атына жазған арызында «телеарна менің аты-жөнімді эфирде бірнеше мәрте атап, «пастордың уағыздары кесірінен жүйкесі бұзылып, шизофрения дертіне шалдыққан» деп мәлімдегенін таныстарым хабарлады» дейді.
«Мұндай ақпаратты таратуды жеке басымды кемсіту деп білемін. Құқығым бар екеніне қарамастан, психикалық денсаулық проблемалары медициналық орталығы да, ІІД де денсаулығым жайында ақпаратты маған бермей отыр» дейді Ләззат Әлменова.
ШІРКЕУДЕГІ ТІНТУ
Ләззат Әлменова өткен жылдың қазан айының басында психиатриялық клиникадан шыққан соң «Благодать» шіркеуіне барған. Сол күні, яғни қазанның 3-інде полицейлер шіркеуге баса көктеп кіріп, тінту жүргізген. Олар қауым
мүшелеріне «пастор Бақытжан Қашқымбаев шіркеуге келіп жүрген Ләззат Әлменованың денсаулығына ауыр зардап келтірді» деп мәлімдеген. Ләззат «анам пастордың үстінен полицияға арыз жазғанын сол күні естідім» дейді.
– «Денсаулығыма ешкім зиян келтірген жоқ, ақыл-есім бүтін, денім сау» десем де, тінту жүргізді. Менен және тағы бірнеше адамнан тексеруге қан алды, – дейді Ләззат Әлменова.
Ол «әлгі тінтуге және болған жағдайларға дейін пастор Қашқымбаевты жақсы танымайтынмын, ал шіркеуге бара бастағалы өзімді жақсы сезіндім» дейді.
– Жұрттың бәрі құрметтеп, сыйлайтын пастор қандай зиян келтіруі мүмкін. Ол шіркеуге баратындар көп. «Зиян келтірді» дегендері – сандырақ. Өзім ешқандай зиянды сезген жоқпын. Пастордың сөздерін тыңдап, оның ақылды адам екенін түсіндім. Уағыз кезінде адамдарды өзара сүйіспеншілік пен мейірімге шақыратын. Оны қамап қойғандары әділетсіздік екені анық, – дейді Ләззат Әлменова.
КЛИНИКАҒА ҚАЙТА ЖАТҚЫЗУ
Шіркеудегі тінтуден бір ай өткенде, яғни 2012 жылдың қараша айында Ләззат Әлменованы психиатриялық клиникаға тағы да еркінен тыс жатқызып, кезекті сараптама өткізгілері келген. Бірақ ол 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласқан соң бұл ойларынан бас тартқан. Бұрын да, қазір де өзін дені толық сау адаммын деп есептейтін ол сараптамадан өтуден бас тартқан.
Ләззат Әлменова өзінің келісімінсіз психиатриялық сараптама өткізуді
тағайындаған тергеушіге қатысты шара қолдануды сұрап, бас прокуратураға шағымданады.
Биыл ақпан айында полиция қызметкерлері Ләззат Әлменованы үшінші рет психиатриялық клиникаға әкелген. Оның айтуынша, бұл жолы да түнде күштеп әкеліп, психиатриялық клиникада наурыздың 13-іне дейін ұстаған.
Ләззат Әлменованың айтуынша, оған қатысты барлық сараптаманы, қан үлгісін қысым көрсету арқылы, өзінің келісімінсіз алған.
Ол дені сау адам екенін дәлелдеу үшін хаттарының бірінде тәуелсіз психиатриялық сараптама өткізуді сұраған.
Ләззат Әлменова Қазақстандағы адам құқықтары бюросына жазған арызында «Істі ойдан құрастыру үшін Астана қалық ІІД, ҰҚК сіңлім Гүлданаға қысым көрсеткені кейін белгілі болды» деп жазады.
СІҢЛІСІНІҢ ВАРШАВАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Ләззат Әлменованың туыстарының көзқарасы халықаралық қауымға биыл қазан айында Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Варшавада өткен конференциясында белгілі болды. Ләззаттың сіңлісі Гүлдана Әлменова «Қазақстанда «Грейс» миссиясы арамтамақтықпен айналысып, ислам дінін ұстанатын жергілікті халықты Інжіл іліміне тартуға әрекет етеді» деп мәлімдеді.
– Қазақстан астанасындағы деструктивті ұйымның негізгі ұйымдастырушысы – «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Кәрімұлы Қашқымбаев. Мені «ұйыммен жеке араздығы бар» деп айыптап, бұл ұйымды қорғаушы талай адам табылар. Иә, бұл адамдармен менің шынымен де жеке араздығым бар. Олар менің туған әпкемді өлтірді. Мұны көптеген сот сараптамасы дәлелдеді, – деп мәлімдеген Гүлдана Әлменова Варшавадағы конференцияда әпкесінің құқын қорғауға шақырды.
Ләззат Әлменова сіңлім «өлтірді» дегенде мені «моральдық тұрғыдан өлтірді» дегісі келген дейді. «Сіңлімнен мұндай сөзді күтпеп едім. Ол Варшаваға өз күшімен жете де, сөйлей де алмас еді» дейді ол.
– Туыстарым мені шіркеуден шығарып алмақ болған, – дейді Ләззат Әлменова.
Ләззат Әлменованың «денсаулығына ауыр зардап келтірді» деген айыппен қамалған «Благодать» пресвитериан шіркеуінің пасторы Бақытжан Қашқымбаев кейін «эстремизмді насихаттады» деп айыпталды. Пастордың жақтастары оны ислам дінінен христиан дініне өткені үшін қудалап жатыр деп біледі.
«Жәбірленуші әйелдің» Қазақстандағы адам құқықтары уәкіліне, прокуратураға, ішкі істер департаментіне, құқық қорғау ұйымдарына пастор Қашқымбаевқа қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы жазған өтініштерінен әзірше ешқандай нәтиже шыққан жоқ.
«Денсаулығыма зиян келген жоқ. Ақыл-есім бүтін, денім сау. Шара қолдану жөнінде арыз жазған жоқпын. Қылмыстық іс менің арызымсыз қозғалған деп есептеймін. Мені заңсыз полицияға шақыртып, тергеуден, сараптама өткізуден қорғауды сұраймын» деп жазады Ләззат Әлменова.
Ол бұл іс Астанадағы «Благодать» шіркеуін жабу мақсатында ойдан құрастырылған деп есептейді.
Астанада тұратын Ләззат Әлменова шетелдік компанияда дистрибьютор болып жұмыс істейді. «Қаласам, кез келген христиандық шіркеуге бара аламын. Туыстарыммен ара қатынасымыз әлдеқашан оңалған» дейді ол.
Ал әйелдің пасторға тағатын кінәсі жоқ. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қысымымен туыстары пастордың үстінен арызды жазған.
ТУЫСТАРЫМЕН АРАЗДЫҚ
34 жастағы Ләззат Әлменованы еркінен тыс психиатриялық сараптамадан өткізу оқиғасы 2011 жылдың жазында басталған. Банктен несие алған Ләззат Әлменова қарызынан құтылу үшін екі бөлмелі пәтерін сатқанын айтады.
– Анам келіп, екеуміз осы жайында сөйлестік. Неге екені белгісіз, ол әлгі ақшаның бір бөлігін «Благодать» шіркеуіне апарып береді деп ойласа керек. Анам қарызымды бірден жауып тастауға қарсы болды, – дейді Ләззат Әлменова.
Оның айтуынша, екеуінің арасында реніш туып, анасы кіші қызына «психолог шақыр» деген.
– 2011 жылдың 15 шілдесінде үш ер адам келіп, анам мен әпкем үшеумізді ауруханаға алып барды. Олар қарсылығыма қарамастан, «тексеріліп шығасың» деп, мені 30 күнге ауруханаға жатқызу туралы арыз жазды, – дейді Ләззат Әлменова.
КЛИНИКАҒА ЕРКІНЕН ТЫС ҚАМАУ
«Бірнеше күн ғана боласың» дегенмен, Ләззат Әлменова психиатриялық ауруханада үш ай жатқан. Оны әуелі «Психикалық денсаулық проблемалары медициналық орталығының» алтыншы бөлімшесіндегі палатада екі күн бақылауда ұстап, ешқайда шығармаған. Кейін басқа палатаға ауыстырып, дәрігерлер «витамин» деп атаған укол сала бастаған. Ләззат Әлменованың
– Шіркеуге олар айтқандай бірнеше жыл қатарынан емес, бірнеше мәрте ғана барғанымды айттым, – дейді Ләззат Әлменова.
Ләззат Әлменова клиникадан 2011 жылдың қазан айында босап шығады. Дәрігерлер оған ауруханадан шыққан науқастарға берілетін анықтама да, диагнозы туралы қағаз да бермейді. Ол тіпті медициналық ұйғарымның көшірмесін де ала алмаған. Ләззат Әлменова денсаулығы жайында медициналық құжаттарды беруді талап етіп, психиатриялық аурухананың бас дәрігерінің атына, Астана қаласы ішкі істер департаментіне (ІІД), прокуратураға бірнеше мәрте хат жазған.
Сіздің атыңызға берілген медициналық құжаттар қазір тексеріліп жатқан қылмыстық іске қатысты материалдарға қосып тіркелген.Астана қалалық ІІД-нің жауабы
Биыл тамыз айында Ләззат Әлменова Астана қаласы ІІД тергеу істері жөніндегі басқармасынан жауап алған. Онда «Сіздің атыңызға берілген медициналық құжаттар қазір тексеріліп жатқан қылмыстық іске қатысты материалдарға қосып тіркелген. Сондықтан аталған құжаттарды сізге беру мүмкіндігі жоқ» деп жазылған.
Ләззат Әлменованың денсаулығы туралы мәліметті оның өзінен гөрі қазақстандық КТК телеарнасы жақсы білетін болып шықты. Ләззат Әлменова Қазақстандағы адам құқықтары уәкілінің атына жазған арызында «телеарна менің аты-жөнімді эфирде бірнеше мәрте атап, «пастордың уағыздары кесірінен жүйкесі бұзылып, шизофрения дертіне шалдыққан» деп мәлімдегенін таныстарым хабарлады» дейді.
«Мұндай ақпаратты таратуды жеке басымды кемсіту деп білемін. Құқығым бар екеніне қарамастан, психикалық денсаулық проблемалары медициналық орталығы да, ІІД де денсаулығым жайында ақпаратты маған бермей отыр» дейді Ләззат Әлменова.
ШІРКЕУДЕГІ ТІНТУ
Ләззат Әлменова өткен жылдың қазан айының басында психиатриялық клиникадан шыққан соң «Благодать» шіркеуіне барған. Сол күні, яғни қазанның 3-інде полицейлер шіркеуге баса көктеп кіріп, тінту жүргізген. Олар қауым
– «Денсаулығыма ешкім зиян келтірген жоқ, ақыл-есім бүтін, денім сау» десем де, тінту жүргізді. Менен және тағы бірнеше адамнан тексеруге қан алды, – дейді Ләззат Әлменова.
Ол «әлгі тінтуге және болған жағдайларға дейін пастор Қашқымбаевты жақсы танымайтынмын, ал шіркеуге бара бастағалы өзімді жақсы сезіндім» дейді.
– Жұрттың бәрі құрметтеп, сыйлайтын пастор қандай зиян келтіруі мүмкін. Ол шіркеуге баратындар көп. «Зиян келтірді» дегендері – сандырақ. Өзім ешқандай зиянды сезген жоқпын. Пастордың сөздерін тыңдап, оның ақылды адам екенін түсіндім. Уағыз кезінде адамдарды өзара сүйіспеншілік пен мейірімге шақыратын. Оны қамап қойғандары әділетсіздік екені анық, – дейді Ләззат Әлменова.
КЛИНИКАҒА ҚАЙТА ЖАТҚЫЗУ
Шіркеудегі тінтуден бір ай өткенде, яғни 2012 жылдың қараша айында Ләззат Әлменованы психиатриялық клиникаға тағы да еркінен тыс жатқызып, кезекті сараптама өткізгілері келген. Бірақ ол 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласқан соң бұл ойларынан бас тартқан. Бұрын да, қазір де өзін дені толық сау адаммын деп есептейтін ол сараптамадан өтуден бас тартқан.
Ләззат Әлменова өзінің келісімінсіз психиатриялық сараптама өткізуді
Биыл ақпан айында полиция қызметкерлері Ләззат Әлменованы үшінші рет психиатриялық клиникаға әкелген. Оның айтуынша, бұл жолы да түнде күштеп әкеліп, психиатриялық клиникада наурыздың 13-іне дейін ұстаған.
Ләззат Әлменованың айтуынша, оған қатысты барлық сараптаманы, қан үлгісін қысым көрсету арқылы, өзінің келісімінсіз алған.
Ол дені сау адам екенін дәлелдеу үшін хаттарының бірінде тәуелсіз психиатриялық сараптама өткізуді сұраған.
Ләззат Әлменова Қазақстандағы адам құқықтары бюросына жазған арызында «Істі ойдан құрастыру үшін Астана қалық ІІД, ҰҚК сіңлім Гүлданаға қысым көрсеткені кейін белгілі болды» деп жазады.
СІҢЛІСІНІҢ ВАРШАВАДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Ләззат Әлменованың туыстарының көзқарасы халықаралық қауымға биыл қазан айында Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Варшавада өткен конференциясында белгілі болды. Ләззаттың сіңлісі Гүлдана Әлменова «Қазақстанда «Грейс» миссиясы арамтамақтықпен айналысып, ислам дінін ұстанатын жергілікті халықты Інжіл іліміне тартуға әрекет етеді» деп мәлімдеді.
Иә, бұл адамдармен менің шынымен де жеке араздығым бар. Олар менің туған әпкемді өлтірді. Мұны көптеген сот сараптамасы дәлелдеді.Ләззат Әлменованың сіңілісі Гүлдана Әлменова.