Алматыдағы құрбан айт

Орталық мешіттегі Құрбан айт намазына арнайы мерекелік киіммен келген азаматтар да бар. Алматы, 1 қыркүйек 2017 жыл. 

Таң бозынан мешітке жиналып жатқан жамағат. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуірде діндар қыз-келіншектердің "қап-қара көйлек киетінін" сынап, "бұл дәстүрімізге сай келмейді. Қазақта қара киім кісі өлгенде киеді..." деген еді. Алматының орталық мешітіне келген әйел адамдардың киім түсіндегі өзгеріс байқалып тұрды. Назарбаев "кейінгі кезде жас жігіттер сақалын сапситып қойып, балақтарын шорт кесетін болды" деп ерлерге қатысты да ескерту айтқан болатын.

Велосипедтің қатардағы көлікке айналғаны Құрбан айт намазында байқалды.  

Құрбан айт намазының алдында сөйлесіп тұрған полицейлер. 

Мешітке сыймай қалған адамдарға кілем жайып беруге көмектесіп жүрген еріктілер. 

Құрбан айт намазына ерте келіп, орталық мешіт ішінен орын алып үлгерген азаматтар.  

Тәкбір алып тұрған жамағат. 

Құрбан айт намазын оқып жатқан жамағат.  

Сәжде.  

Құрбан айт намазына келген әйелдер.  

Дұғаға қол жайған бала. 

Құрбан айт намазына келген жұрттың ішінде құрбандыққа шалатын қойын ала келгендер де болды. Мешіт қызмектерлері малдың мешіт жанындағы арнайы орында сойылып, "еті жетім-жесір адамдар мен құрбан шалған азаматтарға таратылатынын" айтып жатты. 

Құрбан айт намазынан шыққан жұртқа мешіт қызметкерлері ұлттық ойындар ойнатты. 

Суретте: қол күрестіріп тұрған азаматтар.

Қошқар көтеруден де жарыс болды. Ұйымдастырушылар қошқарды ең көп көтерген азаматтың алып кететінін жариялап жатты. 

Орталық мешіт Құрбан айт намазына келген жамағатқа дастархан жайды. 

Дастарханда отырған жамағат. 

Тігілген асықтарды көздеп, сақаны иіріп атқан азамат.

Арқан тартыс та болды.  

Құрбан айт намазынан кейін журналистерге сұхбат берген Орталық мешіттің бас имамы Нұрбек Есмағамбет "бұл жердегі мақсатымыз халықты дастархан басында, спорттық ойындар барысында жат ағымнан қайтару, оларға бір жақсылық көрсету" деді.