Қазақстандағы нәсілдік кемсітуге қатысты зерттеу жүргізген үкіметтік емес ұйымдар «азаматтардың құқықтары толығымен сақталмайды» дейді. Құқық қорғаушылардың ойынша, нәсілдік кемсіту бүгінгі билік жүргізіп отырған жүйеге сіңісіп кеткен.
Қарашаның 20-cы – БҰҰ бас ассамблеясы нәсілдік кемсітулердің барлық түрін жою туралы декларация қабылдаған күн. Бұл құжатқа қол қойып, жыл сайын есеп беретін Қазақстан соңғы есебінде «азаматтардың ел конституциясында кепілдік берілген құқықтары сақталып жатқанын» айтты.
«ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТ ПЕН ДІН ШЕШУШІ ФАКТОР ЕМЕС»
Қазақстандағы нәсілдік кемсітушіліктің бар-жоғы «Эпицентр» әлеуметтік технологиялар агенттігі мен әлеуметтік саяси зерттеулер орталығының зерттеуіне де өзек болды. Бұл ұйымдар Қазақстанның ірі қалаларында өткен сауалнамаға екі мыңнан аса адам қатысқанын айтады.
Респонденттер өз ерекшеліктерін айқындаудағы маңызды белгі ретінде ұлт пен азаматтық мәселесін шамалас жайт деп біледі (61 пайыз).
– Белгілі бір отбасының ұрпағы болу, не болмаса ру мен жүзге кіру маңыздылығы 53,1 пайыз. Бұл жерде отбасыға бөліну ұйғырларда аса маңызды (100 пайыз) екені
анықталды. Отбасының ролі әзербайжандарда – 75 пайыз, қазақтарда – 59,7 пайыз, – дейді әлеуметтік саяси зерттеулер орталығы директоры Олеся Халабузарь.
Сауалнама нәтижесіне қарағанда, адамның туған жері де маңызды. Мәселен, сауалнамаға жауап берген Батыс Қазақстан тұрғындарының 88,5 пайызы үшін сіздің қай жерден келгеніңіз маңызды. Ақмола облысында бұл мәселенің маңыздылығы – 71,3 пайыз ,Ақтөбе облысында – 64 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда – 56 пайыз, Атырау облысында – 53 пайыз, Қарағанды облысында 51 пайыз.
Олеся Халабузарьдің сөзінше, респонденттердің 42,2 пайызы Қазақстанда ұлтына, дініне, діліне, тіліне қатысты кемсіту бар екенін айтқан.
– Кемсітулер жұмысқа орналасу кезінде (65 пайыз) және күнделікті өмірде (57,1 пайыз) кездеседі. Кемсітулердің 20-30 пайызы мемлекеттік мекемелерде, қызмет көрсету және медицина салаларында байқалған. Бұдан кейін білім беру саласы мен құқық қорғау органдарында кемсіту кездеседі, – дейді Олеся Халабузарь.
Оның сөзінше, сауалнамаға жауап бергендердің 61,1 пайызы байырғы халықтан өзге ұлт өкілдерінің барлығы дискриминацияға ұшырайтынын айтқан. Сондай-ақ, діни көзқарасы бойынша православтардың – 42,5 пайызы, мұсылмандардың 26,5 пайызы «кемсіту құрбаны болдық» дейді.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, ұлт пен дін Қазақстанда негізгі шешуші фактор емес. «Ұлтына қарап жұмысқа қабылдау я жұмыстан босату бірлі-жарым ғана болмаса, тәжірибеде көп кездесетін құбылыс емес. Қызметте я басқа салада жетекші қызметке көтерілуде барша ұлт өкілдерінің мүмкіндігі бірдей» дейді сауалнама иелері.
«ҚАЛЫПТАСҚАН ЖҮЙЕ»
Құқық қорғаушы Андрей Гришиннің айтуынша, Қазақстанда нәсілдік кемсітудің енді бір түрі елге келген оралмандарға байланысты.
– Оралмандарға қатысты кемсіту барлық деңгейде бар. «Байырғы жұрттың»
зиратында қайтыс болған оралмандарды жерлеуге рұқсат бермейтін қарапайым тұрғындардан бастап, мемлекеттік деңгейде қаншама ауыр сөздер айтылды. Құлыбаев, Ертісбаев, тіпті Назарбаевтың өзі айтқан сөздері бар. Бұл жерде бірдеңені өзгерту қиын, себебі бұл – қалыптасқан жүйе, – деді құқық қорғаушы Азаттық тілшісіне.
Андрей Гришин Атырауда шетелдік компаниядан сот арқылы қазақстандық жұмысшыларға қатысты айлық мәселесіндегі кемсітуді тоқтатуды талап етілгенін, бірақ сот ол талапты қанағаттандырмағанын да айтты. Оның сөзінше, мұндай жайттар «мұнайлы аймақта өте көп».
Қарашаның 20-cы – БҰҰ бас ассамблеясы нәсілдік кемсітулердің барлық түрін жою туралы декларация қабылдаған күн. Бұл құжатқа қол қойып, жыл сайын есеп беретін Қазақстан соңғы есебінде «азаматтардың ел конституциясында кепілдік берілген құқықтары сақталып жатқанын» айтты.
«ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТ ПЕН ДІН ШЕШУШІ ФАКТОР ЕМЕС»
Қазақстандағы нәсілдік кемсітушіліктің бар-жоғы «Эпицентр» әлеуметтік технологиялар агенттігі мен әлеуметтік саяси зерттеулер орталығының зерттеуіне де өзек болды. Бұл ұйымдар Қазақстанның ірі қалаларында өткен сауалнамаға екі мыңнан аса адам қатысқанын айтады.
Респонденттер өз ерекшеліктерін айқындаудағы маңызды белгі ретінде ұлт пен азаматтық мәселесін шамалас жайт деп біледі (61 пайыз).
– Белгілі бір отбасының ұрпағы болу, не болмаса ру мен жүзге кіру маңыздылығы 53,1 пайыз. Бұл жерде отбасыға бөліну ұйғырларда аса маңызды (100 пайыз) екені
Сауалнама нәтижесіне қарағанда, адамның туған жері де маңызды. Мәселен, сауалнамаға жауап берген Батыс Қазақстан тұрғындарының 88,5 пайызы үшін сіздің қай жерден келгеніңіз маңызды. Ақмола облысында бұл мәселенің маңыздылығы – 71,3 пайыз ,Ақтөбе облысында – 64 пайыз, Оңтүстік Қазақстанда – 56 пайыз, Атырау облысында – 53 пайыз, Қарағанды облысында 51 пайыз.
Олеся Халабузарьдің сөзінше, респонденттердің 42,2 пайызы Қазақстанда ұлтына, дініне, діліне, тіліне қатысты кемсіту бар екенін айтқан.
Кемсітулер жұмысқа орналасу кезінде (65 пайыз) және күнделікті өмірде (57,1 пайыз) кездеседі.