«Мемлекеттік тендерлерге қатысып тұратын» қор басшысы шетелдік құқық қорғаушы ұйымдарды «қоғамға іріткі салып отыр» деп айыптады.
Қазақстанда жалған діни ұйымдардың көбейіп кеткенін айтқан «Перспектива» қоғамдық қоры «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды «уақыт талабына сай қабылданған маңызды құжат» деп атады.
Алматыда сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында бірнеше заңгер мен маман «елде қаптап кеткен жалған діни ұйымдар мен секталардың әрекеттері мен зардаптарын» көп айтты. Олардың айтуынша, мұндай ұйымдар тұрғындардың «басын айналдырып», «отбасы мен дүние-мүліктерінен айырып», ақырында адамдарды «рухани мүгедекке» айналдырады.
«СЕКТАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ»
«Перспектива» қоғамдық қорының президенті Елена Бурованың айтуынша, мұндай ұйымдардың қолдаушылары бар.
– Бұлар «құқық қорғаушы ұйымдары» деп аталатын бірқатар халықаралық ұйымдардың көлеңкесіне жасырынып, әрекет етеді. Бұл
Елена Бурова «халықаралық қор бөлімшелері» ретінде жұмыс істейтінін ондай ұйымдар қатарына алматылық Хельсинки комитетін, «Фридом Хауз» ұйымын, «Сорос–Қазақстан» қорын, Адам құқығын қорғау бюросын, т.б. мекемелерді қосты. «Перспектива» қоғамдық қоры президентінің айтуынша, бұл ұйымдар сектадан зардап шегіп келген адамдарға көмек көрсетпейді, керісінше «секталардың құқығын қорғайды», елдегі мықты ғалымдар мен түрлі мамандарды өз қатарларына тартып, сарапшылар арасына да «іріткі салып отыр».
Елена Бурова мұндай мамандардың арасында елге белгілі дінтанушылар Артур Артемьев пен Яков Трофимов те бар екенін айтты.
Оның ойынша, «секталардың құқығын қорғайтын» ұйымдардың барлығын АҚШ қаржыландырады.
– Орталық Азия аймағында геосаяси ойындар жалғасып жатқан кезде, бұл ойынның ортасында тәуелсіз Қазақстан мемлекеті тұр. Онда (халықтың) мемлекеттік-ұлттық конфессиялық идентификациясын бұзуға бағытталған саясат жүріп жатыр, – дейді Елена Бурова.
Елена Бурова мысалға келтірген құқық қорғаушы ұйымдар жуықта қабылданған дін туралы заңды сынап, бұл заңның діни бостандықты шектейтінін айтқан еді.
Журналистер Елена Буровадан «Перспектива» қорын кім қаржыландыратынын сұраған еді. Ол қордың «тек ара-тұра мемлекеттік тендерлерге қатысып тұратынын» айтты.
– Біз қарапайым азаматтардың құқығын қорғаймыз. Мәдениет министрлігі мен Алматы қаласы әкімшілігі өткізетін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс бойынша тендерге қатысамыз. Бірақ байқауларда ылғи жеңе бермейміз, – дейді «Перспектива» қоғамдық қорының президенті Елена Бурова.
«САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ АҚШАСЫ...»
Дінтанушы Артур Артемьев Елена Бурованың айыптауы негізсіз екенін айтып, мұны «діни төзімсіздік» деп атады.
– Олар салық төлеушілер есебінен жақсы өмір сүру үшін мемлекет жақтан жайлы орын тапты. Міне, естіп жүрмін, ол (Елена Бурова) біресе Венада, біресе Варшавада жүреді. Оның дінге еш қатысы жоқ, – дейді Артур Артемьев.
Алматыдағы Хельсинки комитетінің жетекшісі Нинель Фокинаның
– Сыртта өзінің «діни төзімді», «толерантты» имиджін насихаттайтын, әр түрлі діндер мен этностар тұратын мемлекет салық төлеушілер есебінен дінаралық алауыздықты насихаттайтын қоғамдық қорды қаржыландырып отыр, – дейді өзінің де салық төлеуші екенін айтқан Нинель Фокина.
Нинель Фокинаның айтуынша, барлық құқық қорғаушы ұйымдардың мемлекетке айтқан сын-мәлімдемелері бұлтартпас дәлелдер мен құжаттарға негізделген, «сондықтан олардың түрлі заңдар қабылдап, халықаралық қауымдастық алдында міндеттемелер алған Қазақстанды сынауы негізсіз емес».
– Бұл сот шешімі, болмаса прокуратураның қаулысы немесе жетекші саяси тұлғаның пікірі болуы мүмкін. Бірақ бастысы – құжат, – дейді Нинель Фокина.
«БІРЖАҚТЫ ПІКІР»
Бұл жағдайды «адам құқығына екі түрлі көзқарас арасындағы қарама-қайшылық» деп бағалаған саясаткер Досмұханбет Көшім бүгінгі жиын «билік қолданып жатқан саяси технологияның бір түрі» екенін де жоққа шығармайды.
– Себебі қарсы пікір көбейген сайын халықтың ішінде оған қарсылығын
Саясаткердің пікірінше, «мұндай пікірталастар арқылы азаматтар өздерінің таңдауын жасайды, өйткені біржақты пікір ешқашан жақсылыққа апармайды».
Досмұханбет Көшімнің айтуынша, Елена Бурова сынаған құқық қорғаушы ұйымдар «бұл заңның да алдына қойған мақсаттарын жүзеге асырып келеді».
– Сондықтан олар секталардың құқығын қорғап, қоғамға іріткі салуды көздейді деген пікірге сенбеймін, – дейді саясаткер.