Осы аптада Алматының сот актілерін орындау департаменті кәсіпкер Тоқтағұл Шәріповке беруі тиіс 196 миллион теңге қарызын төлемегені үшін Алматыдағы Ресей бас консулдығының есепшотын құлыптады.
Ресейдің сыртқы істер министрлігі бас консулдығы есепшотының құлыпталуын заңсыз деп атап, «Қазақстан билігінен құқықтық баға беруді сұрады».
«Жергілікті соттың шешімін дипломатиялық өкілдік мүліктерінің қол сұғылмайтыны туралы халықаралық-құқық принциптеріне қайшы заңсыз деп санаймыз» деп жазылған Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпарат және мәдениет департаментінің түсініктемесінде.
Ресей «1963 жылғы Вена конвенциясына қол қойған мемлекеттер өзара алған міндеттерін, шетел дипломатиялық өкілдіктерінің қалыпты жұмыс жасауы үшін жағдай жасауы қажет екенін» еске салған.
Азаттық тілшісі Алматы соты қаулысының консулдық жұмысына қалай әсер етіп жатқаны жөнінде білмек болып, Ресей бас консулдығына хабарласқан кезде қабылдау бөлмесіндегі хатшы қыз «консулдың іс-сапарда екенін» айтып, «жазбаша сауал жолдаңыз» деді.
Ал Қазақстанның сыртқы істер министрлігі «бұл оқиғаға қатысты кейінірек мәлімдеме тарататынын» хабарлады.
ДАУДЫҢ БАСЫ
Ресей бас консулдығы мен кәсіпкер арасындағы дау Алматыдағы коттеджден шыққан.
Алматылық кәсіпкер Тоқтағұл Шәріпов 2005-2007 жылдары Көктөбедегі коттеджінің бір бөлігін Ресейдің сол кездегі бас консулы Рашид Ибрагимовқа
жалға берген. 2007 жылы өрт салдарынан консул жалдап отырған ғимараттың төбесі мен екінші қабаты толықтай өртеніп, мамандар өрт зардабын жиыны 196 миллион теңгеге бағалаған.
Кәсіпкер Тоқтағұл Шәріповтің айтуынша, «шығынды өтеп беремін» деп уәде еткен Ресей консулы кейін басқа қызметке ауысып, Қазақстаннан кеткен. Мұнан соң кәсіпкер «үйдің шығынын консулдық өтеп берсін» деп сотқа жүгінген.
– Біз консулдықты бір жыл бойы сотқа шақырғанымызбен келген жоқ. Сондықтан сот шешімі сырттай шықты, – дейді Тоқтағұл Шәріпов Азаттық тілшісіне.
Кәсіпкердің сөзінше, сотқа шақырылған Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі өкілдері де келмеген.
Тоқтағұл Шәріповтің айтуынша, «консулдықтан қаражат өндірілсін» деген сот шешімі 2011 жылы қабылданып, 2012 жылдың наурыз айында күшіне енген.
СОТ ШЕШІМІ ЖАЙЛЫ ТАЛАС
Қазақстандық заңгер Михаил Кленчин Қазақстандағы «Атқару ісі және сот атқарушылары мәртебесі» туралы заңға сілтеме жасай отырып, «Алматы сотының Ресей бас консулдығы есепшотын құлыптау шешімі халықаралық нормаларға сай болғанын» айтады. Оның сөзінше, Қазақстан аумағындағы басқа мемлекеттің атқару құжатына қатысты сот
бұйрығын орындау ісі Қазақстан заңы бойынша жүреді – сондықтан Ресей сыртқы істер министрлігінің наразылығы орынсыз.
Ал құқық қорғаушы, заңгер Василий Резванның пікірінше, «мұндай мәселелер сот деңгейінде емес, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында халықаралық келісім-шарттар негізінде шешілуі керек».
– Судья халықаралық құқық нормаларына араласып, өзінің өкілетін асырған. Яғни судья сотқа дейінгі дайындықты жүргізбеген. Бірден халықаралық актілер негізінде реттелетін есепшотты қамауға алуға көшкен. Судья халықаралық конвенциялармен таныс болмаған, – дейді заңгер Василий Резван.
Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев «дипломаттар арасында ың-шыңсыз
шешіле салатын» мәселенің ірі дауға айналып кеткеніне таң қалады.
– Негізі консулдық пен елшіліктердің жағдайы – ерекше. Бұл сотпен шеше салатын жай компания немесе ұйым емес. Консулдықтарға қатысты мәселелер халықаралық Вена конвенциясындағы дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастар туралы ережелер негізінде шешілуі тиіс. Соттың әрекеті бір қарағанда дұрыс болып көрінгенімен, бұл – екі ел арасындағы мәселе. Мұны айғай шу көтермей, сыртқы істер министрлігі шешуі керек, – дейді ол.
Оның пікірінше, «бұл дау созылып кетсе, екі ел арасындағы қарым-қатынастың салқындауына әсер етуі мүмкін».