Ресейлік БАҚ постсоветтік Қазақстанда дәстүрлі түрде үстемдік құрып келеді және ресми Астанаға сырттай жылы шыраймен қарайды. Бірақ Беларусьті мысалға келтірген сарапшылар жылы шырайдың алдамшы екенін ескертеді.
Бір ай бұрын ғарыш мәселесіне қатысты келіспеушілік туындап, Қазақстан «Протон» зымыранын ұшыруға қарсылық білдірген кезде «Известия» басылымы «Ресей «Протонды» Қазақстанның келісімінсіз ұшырады» деген тақырыппен қыңыр мақала жариялады. Келесі күні сол «Известияда» басқа мақала жарық көрді, ол «Қазақстан Байқоңырдан «Протонды» ұшыруға рұқсат етті» деп аталады. Расында да, «Протон» Ресейдің өзі белгілеген мерзімде, қыркүйектің 30-ы күні ұшырылды.
РЕСЕЙЛІК ГАЗЕТТЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН
Ресейлік БАҚ-тағы осы тектес мақалалар мен соған орай жасалған әрекеттер Қазақстандағы бақылаушылардың назарынан тыс қалмады. Ресей басылымдарындағы бірлі-жарым, «байқоңырлық» мақалалардың астарында не бар? Азаттық қазақстандық сарапшыларға осындай сауал қойды.
– Аталған жағдайда Ресей билігі «Известия» газетін рупор ретінде ғана емес, Қазақстан жағына қысым көрсету құралы ретінде пайдалануы да ғажап емес, - дейді саясаттанушы Досым Сәтпаев.
Билікке тәуелді БАҚ-тан бөлек дипломатиялық және басқа да тетіктердің бар екенін ескерткен сарапшы осы жағдайда БАҚ арқылы қысым жасауды ресейлік тарап ең тиімді әрі жедел әдіс санауы мүмкін екенін айтады.
13 жыл бойы жарық көріп келген «Известия-Казахстан» газеті биыл жазда жабылып қалды. Егер ресейлік маңдай алды басылым – үлкен «Известия» Қазақстанға ықпал ету құралы болса, неге еншілес басылымын жауып тастады екен? Бұл сауалға әртүрлі жауап беруге болады.
Ресейлік газеттердің қазақстандық «клондары» болғанын оппозициялық журналист Сергей Дуванов қазақстандық журналистиканың бәсекеге қабілетсіздігінің көрсеткіші деп бағалайды.
– Жергілікті баспасөз мәскеулік басылымдармен бәсекелесуге қабілетті емес. Сондықтан да олар басқа газеттердің маңдайша жазуына жармасып күн көреді, «Аргументы и факты». «Известия», «Московский комсомолец в Казахстане» деген атаумен өз тауарларын өткізуге тырысады. Бұл өте ұят құбылыс. Бұндай қосымша парақтар қазақстандық журналистиканы жерге қаратады. Бұл біздің баспасөздің бәсекеге қабілетсіздігін мойындау, - дейді ол.
«Известия-Казахстан» басылымының бұрынғы бас редакторы Эдуард Полетаев басқаша пікірде. Ол келмеске кеткен газетін «жоғары кәсіби деңгейдегі турашыл басылым болған, билікке де, оппозицияға да жалтақтамайтын» деп сипаттайды.
Полетаевтың пікірінше, газеттің жабылуына саяси емес, қаржылық мәселе себеп болған. Қандай мәселе екенін ашып айтпайды. Керісінше, саясаттанушы Сәтпаев «Известия-Қазақстанның» жабылуына Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси келіспеушілік себеп болды, олар ақпаратты ұсыну әдісіне келісе алмады дейді. Оған мысал ретінде «Кеден одағының іскерлік стратегиясына қатысты мәселе қайшылықты болғанын» айтады.
«Аргументы и факты – Казахстан» газеті (ресейлік «Аргументы и факты» газетінің қазақстандық клоны) жалпы алғанда билікке қарайлайды, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей президенті Владимир Путинге көзқарасы түзу болып тұрғанда, бұл газет те Қазақстандағы оқиғаларды жағымды жағынан сипаттайды» дейді жергілікті газет сыншысы Андрей Свиридов.
Қазақстан билігі кейде жергілікті БАҚ-тың көштен қалып қоятынын мойындайды да. Бірақ Астанада бұндай дабыл қағылғанда әдетте «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесі шыға қалады. Мысалы, өткен аптада индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілі Ғалымжан Дұғалов «Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздікке қатысты жағдай мәз емес» деді. Бірақ Дұғалов Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігіне кімдердің қауіп төндіріп отырғанын нақтылап айтпады. Тек сол қауіпсіздіктің басты қаупі «ұлттық ақпараттық кеңестіктің ашықтығы мен шетелдік БАҚ, соның ішінде интернет пен телеарналар және баспасөздің танымал болуы» деді.
«АҒАСЫНЫҢ» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЕЛІКТЕУ
Қоғамдық-саяси және халықаралық тақырыптарды қазақстандықтардың ресейлік телеарналардан көретінін айтқан Андрей Свиридов ресейлік арналардың Қазақстандағы оқиғалар туралы мүлдем айтпайтынын атап өтті. Оның пікірінше, ресейлік телеарналардың кәсіби деңгейі қазақстандық әріптестерінен бірнеше саты жоғары тұр.
Ресей мен Қазақстан телеарналарына ортақ жағдай – билікке тәуелді екені. Бірақ РБК, «Культура», РЕН ТВ сияқты арналарды Андрей Свиридов тәуелсіз БАҚ қатарына қосады. Қазақстанда тәуелсіз, оның ішінде оппозициялық телеарналар мүлдем жоқ.
Кейбір қазақстандық телеарналар ресейлік танымал ойын-сауық бағдарламаларына еліктеп, рейтингін көтеруді көздейді. «Ресей телеарналарында қызықты мелодрамалар мен шытырман оқиғалы киноларды, тарихи туындылар мен барынша сапалы заманауи фильмдерді, өзекті әлеуметтік мәселелерге арналған ток-шоуларды көрсетеді» деді сарапшылар Азаттыққа. Олардың айтуынша, қазақстандық телеарналар кейбір ресейлік бағларламаларға еліктеуге тырысады.
Ресейлік телеарналардың танымалдығын атап өткен Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев «қазақстандықтар Жаңа жыл алдында қай арнаны қарайды?» деген сауалға жауап іздейді.
– Бәрі ресейлік арналарды қарайды, себебі олардың бағдарламалары қызық. Бұл жағынан алғанда олардың Қазақстандағы ықпалы зор, - дейді Матаев.
Саясаттанушы Гүлмира Илеуованың сөзіне сенсек, «ресейлік ойын-сауық бағдарламалардың сапасы бір саты жоғары тұрғандықтан қазақстандық көрермен ресейлік бағдарламаны тамашалайды».
Ресейлік арналар жалпы алғанда президент Назарбаевты жақсы жағынан сипаттап, оның режиміне тиіскен емес. Бірақ соңғы бір-екі жылда басқаша көзқарастар да айтылып қалды. Мысалы, былтыр «Россия 24» арнасы Қазақстанды экономикасы нашар дамыған кедей ел деп атап, «парламентінің қолынан түк келмейді» деді. Қазақстан парламентіндегі кейбір депутаттар оған наразылық білдірді, сонымен іс тәмам болды.
РЕСЕЙЛІК ИНТЕРНЕТ
«Интернеттің қазақстандық секторын ресеймен салыстыруға да келмейді» дейді сарапшылар. Қазақстандықтардың көбі Mail.ru және Yandex.ru сияқты ресейлік ірі коммуникациялық порталдарды пайдаланады. Сол Mail.ru-ді ашқан қазақстандық пайдаланушы әйгілі әлеуметтік желілер – «Одноклассники» мен «Мой мирге» де кіре алады. Қазақстан интернетінде ондай ештеңе жоқ.
Қазақстандық тәуелсіз сайттардың біразы соңғы уақытта сот шешімімен жабылып қалды, біразын мүлдем құлыптап тастаған, оларды тек анонимайзерлердің көмегімен қарауға болады.
«Қазақстандық интернет пайдаланушылар халықаралық жаңалықтарды ресейлік «Интерфакс», «Новости» сияқты жаңалықтар агенттігінен алады» дейді сарапшылар. Олардың «Интерфакс-Казахстан» және «Новости-Казахстан» сияқты клондарынан қазақстандық жаңалықтарды ғана оқи аласың.
Қазақстандық интернет пайдаланушылар «Коммерсант», «Известия», «Аргументы и факты», «Комсомольская правда», «Московский комсомолец» сияқты билікке қарайтын ресейлік газеттердің сайтына да жиі кіреді.
БЕЛАРУСЬТІҢ КЕБІН КИМЕУ
Ресейлік БАҚ-тың қазақстандық филиалдары Кремльдің саясатын шамасы келгенше жүзеге асыруға тырысады. «Бұндай филиалдары бар басқа постсоветтік елдерде де осындай әрекет жасайды» дейді Досым Сәтпаев. Бұрын Қазақстан билігі қазақстандық көрермендердің негізінен шетелдік өнімді тамашалайтынына алаңдаушылық танытқан еді. Саясаттанушының айтуынша, олар Ресейден ақпараттық өрістің бір бөлігін тартып алуға тырысқан.
– Одан не шығарын білмеймін. Әзірге айтарлықтай жетістікке жеткендері байқалмайды, - дейді Досым Сәтпаев.
«Қазақстан-Ресей қарым-қатынасы кенеттен нашарласа ресейлік БАҚ-тың озбырлығын Кремль кез келген сәтте Ақордаға қарсы пайдаланады», дейді ол. Оған мысал ретінде орыс-белорус байланысы нашарлаған кезде, ресейлік баспасөзде, тіпті деректі фильмдерде Беларусь президенті Александр Лукашенконың бейнесі жағымсыз жағынан сипатталатынын айтады.
– Ресейлік БАҚ-ты қысым көрсету ақпараты ретінде қолдану өте маңызды қауіп саналады, - деп қорытты Досым Сәтпаев.
Оппозициялық саясаткер Төлеген Жүкеев «империялық синдромы бар Кремльдің ақпараттық саясатын түсінуге болады, бірақ қабылдауға болмайды» деген пікірде.
– Мәңгілік мүдделер бар, бірақ мәңгілік достар болмайды. Өмір өзгереді, - дейді Жүкеев.
«Ресейлік ғана емес, кез келген шетелдік БАҚ-тың озбырлығы тәуелсіз мемлекет үшін пайдалы болмайды, тіпті ол баспасөз құралы болған оқиғаны жағымды жағынан сипаттап жатса да пайдалы емес» дейді ол. Қалай алғанда да, бұқаралық ақпарат құралдары туралы пікірлер арасында баспасөз нарығында БАҚ еркіндігі мен олардың өзара бәсекелестігі басты орында тұру керек деген түсінік жиі айтылады.