AzattyqLIVE хабарында мектептердегі жанжал, күш көрсету видеолары көбеюі себепті мұғалім мен оқушы құқықтары мәселесі талқыланды. Студия қонағы - педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов болды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал, балағат, күш көрсету видеолары интернетте жиі шығып жүр. «Білім беруші мен білім алушы тараптың ортасында кездесетін осындай кикілжіңдер қалай реттеледі?» деген сауалға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов жауап беруге тырысты.
Хабарда оқушылар мен олардың ата-аналарының жауапкершілігі хақында мұғалімдердің уәждері де айтылды. Тікелей эфирде өткен хабардың видеосын төменнен көріңіздер.