Мұғалім мен директорды татуластыру жиыны
Your browser doesn’t support HTML5
Маусымның 5-і күні Шымкентте бірнеше қоғамдық бірлестіктің төрағалары жиын өткізіп, қаладағы Нұртас Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназияның мұғалімі Гүлжан Сәлімбаева мен директоры Айман Жүсіпованың арасындағы дауды сөз етті. Наразы мұғалім «кешірім сұрап, қысым көрсетпеу туралы кепілхат жазып бермесе, директормен татуласпайтынын» айтты. Мектеп директоры ол ұсыныстан бас тартты.