Кейінгі уақыттарда Қазақстан қоғамында түрлі әлеуметтік, тұрмыстық кикілжіңдер талқыланып, видеолары БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тарап жатады. Мысалы, Астанада Әділбек Мейрамовты үйінен шығару кезіндегі жанжал, Несіпкүл Ұябаеваның үйін күреу оқиғасындағы тартыс, Өмірбек Жампозовтың прокуратураға шабуыл жасап соңынан өзін өлтіруі, «Эйр Астана» компаниясы мен жолаушы арасындағы тіл дауы сияқты оқиғалар жұрт назарын аудартты.
AzattyqLIVE тікелей эфирінде «Қоғамдағы дауларды шешудің жаңа жолдары бар ма? Олардың туындау себептері қандай? Билік пен халық, қызмет көрсетуші мен тұтынушы, қарапайым тұрғындар арасындағы кикілжіңде реттеу функцияларын кім атқаруы тиіс? Оны шешудің тиімді тәсілдері бар ма?» тәрізді сауалдарға саясаттанушы Талғат Қалиев жауап берді.