Жексенбі күні Қостанай жеріне қонған Ресейдің «Союз ТМА-14» ғарыш кемесінде америкалық астронавт Джеффри Уильямс пен ресейлік космонавт Максим Сураев және канадалық миллиардер саяхатшы Ги Лалиберте болды. Cirque du Soleil циркінің қожайыны Лалиберте ғарышқа саяхаты үшін Ресейге 35 млн. АҚШ долларын төлеген.
Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігі таяу жылдары қазақстандық ұшқыштарды ғарышқа ұшыру жоспарларында жоқ екенін мәлімдеді. Қыркүйек айының аяғында ғарышқа ұшқан Ресейдің «Союз ТМА-14» кемесі қазақ жеріне сәтті қонғаннан кейін, Қостанайда өткізген баспасөз мәслихатында осыны айтқан Ресей ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары, статс-секретарь Виталий Давыдов оның себебі қазақ үкіметінің қаржы бөлмеуінде дейді. Өз кезегінде Қазақстанның ғарыш агенттігі алдағы бірнеше жылдарда қазақ азаматтарының ғарышқа ұшпайтынын айтып отыр.
ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІ АЗАМАТТАРЫН ҒАРЫШҚА ҰШЫРУДЫ ӘЗІРГЕ ЖОСПАРЛАМАЙДЫ
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы келісім бойынша, осы жолғы ғарышқа канадалық сайқымазақ Лалиберте емес, қазақ азаматы – Айдын Айымбетов ұшу керек еді. Ол – Ресейдің Жұлдызды қалашығында бірнеше жылдар бойында дайындықтан өткен, ғарышқа ұшуға «сақадай сай» екі қазақ азаматының бірі. Ресейдің ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Виталий Давыдов қазақ баласының ғарышқа ұшпай қалуының себебін, Қазақстан үкіметінің космонавты үшін ақша төлей алмағандығымен түсіндіреді. Сол себептен, бос орын канадалық миллиардерге сатылыпты.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында Қазақстан үкіметі «2009-2011 жылдарға арналған Ұлттық ғарыш агенттігінің стратегиялық жоспары туралы» қаулыға өзгерістер енгізген болатын. Енгізілген өзгертулерге сәйкес, ғарыш саласының 2009 жылға жоспарланған бюджеттік шығындары 9 млрд.-тан 6 млрд. теңгеге қысқарған. Оның ішінде жоспарланған 28-30 шараның саны 18-ге азайтылған. Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жоспарында да үкіметтің ғарыш саласына ақшаны көбейту ойлары жоқ. Ал қазақ баласы енді қашан ғарышқа ұшады, оны Қазақстанның ғарыш агенттігі де дөп басып айта алмайды.
АЛ АЙДЫН ҒАРЫШ АЙДЫНЫНДА ҚАЛАЙ ДА ҚАЛЫҚТАЙТЫНЫНАН ҮМІТТІ
Ғарышқа ұшу арманын экономикалық дағдарыс бөгеген Айдын Айымбетовтің болса, үміті әлі үзілген жоқ. Бәрі де Алланың қолында деп болашақта арманының орындаларына үміт білдірген Азаттық радиосына сұхбат берген ұшқыш Айымбетов ел экономикасының түзеліп кететіне сенімді екендігін айтты.
– Бұл, әрине, қаржы дағдарысындағы уақытша жағдай. Бюджетті жоспарлау комиссиясы қаржыны кесті. Бірақ үкімет ғарышқа ұшуға тыйым салған жоқ. Тек белгісіз уақытқа дейін кейінге шегерді.
– Бұл шешім сіздің көңіліңізге қаяу түсірген жоқ па?
– Енді не істейміз, біз жоспарлаймыз, жаратушы ие іске асырады. Бұл экономикалық күйзеліс тек қана Қазақстанда емес, бүкіл әлемде орын алып жатыр. Сондықтан түсіністікпен қарау керек, – деді Айдын Айымбетов Азаттық радиосына.
Осы жолы ақшаның күшімен қазақ баласының жолын кесіп, канадалық сайқымазақтың ғарышқа ұшқанына мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасовты намыс кернеп жүр. Ол осы мәселелерді зерттеп, үкіметке арнайы хат дайындап жатқанын айтты Азаттық радиосына.
– Мен қазір ғарыш саласында қордаланып қалған проблемаларды зерттеп жүрмін. Ғарыш агенттігі ғарыш саласын дамыту туралы заң жобасын әкелу керек болған. Бірақ әлі соны аяқтай алмай жатыр. Бұл салада негізі ақпараттар ашық емес, – дейді мәжіліс депутаты Қайрат Сәдуақасов.
Алайда, екінші бір мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов Қазақстанның ғарыш саласында тіреліп тұрған мәселесі жоқ деп есептейді. Оның ойынша, қазақтың екі ғарышкері ғарышқа бірнеше рет ұшқан. Ешбір елден кенде емеспіз деген пікір білдірді парламент мүшесі Азаттық радиосына.
– Онсыз да қазақтың космонавтары барып жатыр ғой. Сол жетпей пе? Ғарышқа ұшу үшін бізге ақша керек. Дағдарыстың уақытында оны қоя тұру керек. Қазақстанда одан да өзекті мәселелер көп. Мәселен, бюджеттік мекемелердің жалақысын өсіру дегендей. Үкімет мұны да қоя тұрамыз дейді. Бірақ біз жаңа жылдан бастап мұғалім, дәрігерлердің еңбек ақысын көтересіңдер деп, осымен әлек болып жүрміз. Ал біздің екі азаматымыз, өзгелер ғарышқа барудың не екенін білмей жүргенде ұшып барып келді. Сондықтан да бұл салада күйіп бара жатқан ештеңе жоқ, – дейді мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.
ҒЫЛЫМНАН АЛЫС ҚАЗАҚ БИЛІГІ
Бірақ қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, мәжілістің бұрынғы депутаты Тоқтар Әубәкіров қазіргі үкіметтің де, парламенттің де шешімдерімен, жұмыстарымен келіспейді. Тоқтар Әубәкіровтің айтуынша, «қазіргі парламент тек өзінің құлқынын ғана ойлап жатыр. Ғарыш саласына үкіметтің назары ерекше болу керек».
– Парламенте отырған азаматтардың болашағы жоқ. Олар тек өз болашағын ойлап қалған азаматтар ғой. Олар әлемдегі дамып жатқан ғылымнан да алыс. Егер қазақ елі болсын, әрбір мемлекет ғарышқа кішкентай да үлесін қосса, сол елдің болашағы зор болады. Бұл ең алдымен ел экономикасын көтеру үшін, жаңа технологияларды зерттеп, жасап шығару үшін керек, – дейді Тоқтар Әубәкіров.
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері, өзінің жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан небәрі екі ақ қазақ азаматы ғарышқа ұшты. Оның бірі осы – Тоқтар Әубәкіров болса, екіншісі – қазіргі Қазақстан ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев.
Бүгінде Байқоңыр ғарыш айлағы елу жылға Ресейге жалға берілген. Ол үшін Ресей мемлекеті Қазақстанға жыл сайын 115 млн. доллар көлемінде төлемақы төлейді. Алайда, одан әрбір жер серігі ұшырылған сайын, экологиялық шығын бірнеше есеге жоғары болады деп есептейді эколог мамандар. Сол үшін де Қазақстан қоғамында Байқоңырды жалға беру құнын қайта қарау керек деген мәселе жиі көтеріледі.
Бірақ 2004 жылы сол кездегі Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев арасында жарты ғасырға қол қойылған келісім қайта қарауға жатпайды делінген.