Қазақстандық телеарнаның футболдан әлем чемпионаты алдында жергілікті комментаторлар қызметінен бас тартып, ресейлік мамандар шақыруы наразылыққа түрткі болды.
Қазақстандық спорт комментаторы Сергей Райлян екі айдан бері «Бірінші арна - Еуразия» телеарнасында әлем чемпионатының матчтарын жүргізуге дайындалған. Алайда әлем чемпионатының басталуына екі күн қалғанда телеарна басшылығы оны эфирден алып тастаған.
«Бір ай бұрын «Еуразия» арнасы бізге матчтардың кестесін жіберген. Евгений Акманов екеуіміз – орысша, Ержан Көшкінбаев пен Нұржан Еркінұлы – қазақша жүргізеді деп жоспарлағанбыз. Кейін интернеттен ресейлік екі комментатор Роман Нагучев пен Дмитрий Федоров Қазақстанға келіп, «Еуразия» телеарнасында комментатор болатынын білдім. Нагучевтің айтуынша, қазақстандық арна оларға сәуір айында ұсыныс жасаған. Ал «Еуразия» арнасы маған және Евгений Акмановқа әлем чемпионаты кезінде жұмыс жасамайтынымызды маусымның 10-ы күні айтты. Бірақ себебін түсіндірген жоқ» дейді спорт комментаторы.
Ал Евгений Акманов «Еуразия» арнасына барып, мән жайды білмек болғанда телеарна басшылығы «матчты жүргізбейсіңдер» деп қана хабарлағанын айтады.
«ӘРІПТЕСТЕРІМДІ ҚОЛДАП БАС ТАРТТЫМ»
Қазақстандық екі комментаторды жұмыстан шеттетуге наразы болған журналист Нұржан Еркінұлы да өз еркімен «Еуразия» арнасында әлем чемпионатының футбол матчтарына комментатор болудан бас тартқан.
«Маған «Еуразия» арнасы «матч жүргізбейсің» деген жоқ. Бірақ мен өз
әріптестерімді қолдап, телеарнада әлем чемпионатын жүргізуден бас тарттым» дейді ол Азаттыққа.
Азаттық тілшісі «Бірінші арна – Еуразия» арнасының басшылығына хабарласып, қазақстандық комментаторлардың эфирден алынуына байланысты комментарий алмақ болған. Телеарна қызметкерлері бұл жайтқа байланысты ресми мәлімдеме дайындалып жатқанын, оны алдағы уақытта сайттарында жариялайтынын айтып, пікір білдіруден бас тартты.
Бұған қоса, «Еуразия» арнасы Азаттыққа ресейлік екі комментатор Роман Нагучев пен Дмитрий Федоровтың футболдан әлем чемпионаты матчтарын жүргізетінін растады.
Ресейлік комментаторларды шақырған қазақстандық «Еуразия» телеарнасының әрекетін спорт журналистері мен интернет қолданушылары айыптап шықты.
Спорт комментаторы Рауан Оқас «Бізде ресейлік спорт комментаторлары
қазақстандықтарға қарағанда мықты деген түсінік-тенденция бар. Сондықтан бұл арна рейтинг көтеру үшін ресейлік комментаторларды шақырып отыр» дейді.
Ал спорт журналисі Уәлихан Қосанбайдың ойынша, Қазақстан телеарналары үшін ресейлік спорт комментаторларын шақыру соңғы уақытта сәнге айналып барады.
«Еуразия» арнасы ресейлік комментаторларды шақыру арқылы жанкүйерлерді эфир алдына тартпақ. Олардың ойынша, ресейлік комментаторлар жүргізген матчты көп адам көреді. Бірақ олар қателеседі. Жалпы Қазақстан телеарналарының ресейлік комментаторларды шақыруы – Қазақстан спорт журналистикасына төнген қауіп» дейді спорт журналисі.
«ӘУЕЛІ СПОРТ, СОСЫН САЯСАТ ПА?»
Бұл тақырып әлеуметтік желілерде, әсіресе, журналистер арасында қызу талқыланып жатыр. Интернет қолданушы Нұрилаш Садуақасова Facebook әлеуметтік желісінде: «Біз кіммен одақ құрдық? Бұл – біздің журналистерді қорлау. СССР кезінде де осылай болған еді» деп жазды.
Ал саясаттанушы Мұхит Ардагер Facebook парақшасына «шетелдік комментаторларға Бразилиядағы әлемдік мундиальды жүргізуге рұқсат береміз. Кейін мәдениет, саясаттағы оқиғаларды да соларға береміз-ау. Спорт – елдің ақпараттық кеңістігінің маңызды бөлігі» деген пікір айтады.
Қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларының ішінде танымал ресейлік спорт комментаторларының «Еуразия» телеарнасына шақырылғанына қуаныш білдіргендер де бар.
Қазақстанда түрлі спорттық, музыкалық шараларға ресейлік комментаторларды, DJ-лер мен жүргізушілерді шақыру – бұрыннан бар дәстүр. Мәселен, 2013 жылы велоспорттан «Алматы турын» ресейлік комментатор Сергей Курдюков жүргізген еді. Ал былтыр «Шахтер» командасының Еуропа лигасының аясындағы матчтарын жүргізуге де ресейлік комментатор Константин Генич шақырылған.
Биыл Алматыда Қазақстан мен Ресей әншілері арасында өткен жолдастық матчты жүргізуге де Ресей комментаторы Василий Уткин келген еді.

Қазақстанда түрлі спорттық, музыкалық шараларға ресейлік комментаторларды, DJ-лер мен жүргізушілерді шақыру – бұрыннан бар дәстүр.