Допинг дауына іліккен спортшыларға көзқарас қандай? Олар олимпиада ойындарында жеңімпаз атанғаны үшін мемлекеттен алған сыйақылары мен наградаларын қайтаруы керек пе? Допинг қолданды деп танылған спортшыларға қандай да бір жаза қолданыла ма? Қазақстан заңнамасында осындай жағдайға қатысты қандай бап бар? Осы сауалдарға AzattyqLIVE студиясында Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшан жауап берді.
2008 жылғы Пекин, 2012 жылғы Лондон олимпиадаларына қатысып, алтын медаль алған атлеттерге - 250 мың, күміс жүлде алғандарға - 150 мың, қола медаль жеңгендерге 75 мың АҚШ доллары берілді. Кейбір жеңімпаздарға «Парасат», «Құрмет», «Барыс», «Отан» сынды мемлекеттік наградалар табысталды.
Алайда бірнеше жылдан кейін аталған олимпиадаларда жүлделі болған спортшылардың кейбірінің допинг қолданғаны анықталды. Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедова Лондон олимпиадасы алтындарын қайтаратын болды. Илья Ильинге қатысты шешім әлі шыққан жоқ. Қазақстан олимпиада комитеті «адал спорт» саясатын қолдап, Халықаралық олимпиада комитетінің шешімдерімен келісетінін мәлімдеді.
Your browser doesn’t support HTML5