«Сопылар ісі» бойынша сотталған ғалым Саят Ыбырай құқық қорғаушылар араласқаннан кейін басқа камераға ауыстырылды. Адвокаттар осы іс бойынша сотталған адамдардың алды колонияға жіберіле бастағанын, тағы үш азамат тергеуге қамалғанын айтады.
Осы аптаның ортасында «Сопылар ісі» бойынша 12 жылға сотталған ғалым Саят Ыбырай мен онымен бір камерада отырған Арсимеков және Матимхан атты сотталушылар атынан жазылған хат Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған еді.
«ҚЫСТЫҚ КИІМДІ ШЕШІП, БОЙЫМЫЗ ЕНДІ ЖЫЛЫДЫ»
Ол хатта сотталушылар өздерінің тергеу изоляторындағы адам төзгісіз камерада отырғандарын, соның салдарынан денсаулықтары нашарлап бара жатқанын жазған.
«...Камера желдетілмейді. Күн сәулесін көрмегенімізге жарты жыл болды, ішінде саңырауқұлақтар қаптап кеткен (ол тіпті қарапайым пәтер және кеңсенің өзінде өлімге душар етеді). Үнемі ылғал, суық (әлі қысқы киіммен отырмыз). Ылғалдан қабырғалар қабыршақтанып түсіп жатыр, тіпті кафель және цемент қабырғалардың өздері бөлшектеніп жатыр. Канализация жиі бітеліп қалып, барлық лас нәрселер қайтадан дәретханаға келеді...» деп жазады хат иелері.
Хат авторлары адам құқығы бойынша комиссия келген кезде өздерін уақытша басқа камераға ауыстырып, олар кеткен соң қайтадан бұрынғы камераға әкелгенін жазады. Сотталушылар өздерінің денсаулығын, камераның жағдайын тексеруді сұраған.
Бұл хатты Саят Ыбырайдың және онымен камералас екі азаматтың жазғанын
растаған ғалымның әйелі Ләззат Ыбыраева бейсенбі күні түстен кейін күйеуін құрғақ камераға ауыстырғанын айтады.
– Құқық қорғаушылар барып, осы өтінішті тіркеткен едік. Соның әсері ме, түрменің бастығы барып, кешірім сұрап, басқа камераға ауыстырыпты. «Үстіміздегі қыстық киімді шешіп, бойымыз енді жылыды» деген хабарды естіп отырмын қазір, – деді Ләззат Ыбыраева бейсенбі күні Азаттық тілшісіне.
Оның айтуынша, хат жазған үш азамат «адам төзгісіз жағдайдағы бұл камерада сегіз айдан бері отырған».
– Бұл кісілерге радиациялық сәуле тиген сияқты. Өйткені бәрінің бірдей басы ауырып, жүректері шаншиды. Қан қысымы біресе көтеріліп, біресе түсіп, ауыр халде болады. Азын-аулақ уақыт қоя қояды да, сосын қайта басталады, – деген Ләззат Ыбыраеваның айтуынша, жаңа камерада адам бұрынғыдан көбірек.
«КОЛОНИЯЛАРҒА ЖІБЕРІЛДІ»
«Сопылар ісі» бойынша сотталушылардың өтініштері биыл 4 мамырда екінші инстанцияда қаралып, Алматы қалалық соты үкімді күшінде қалдырған еді.
Сотталған азаматтардың адвокаттарының айтуынша, қазір тұтқындарды колонияға жібере бастаған.
Мамыр айының ортасында «Сопылық ағым жетекшісі» атанушы, Алматыдағы тергеу изоляторында жатқан Исматулла Әбдіғаппар (14 жылға сотталған) –
Қостанайдағы 161/2 қатаң режимдегі колонияға, ал Жадыра Сүлейменова (6 жылға сотталған), Арнұр Куникин (5 жылға сотталған), Ербол Исабеков (9 жылға сотталған) Шымкенттегі колонияға жіберілген.
Исматулла Әбдіғаппардың адвокаты Теңгебек Байымбетов өзі қорғаған азаматтың абақтыға барған күні айып изоляторына қамалғанын айтады.
– Ол кісі мамырдың 18-і күні Қостанайға жеткізілді. «Түзеу колониясының тәртібін бұзды» деп, оны барған күні 15 күнге айыппұл изоляторына тығып тастаған. Сұрау салып едім, сол жерде жауабын алдым. Ондағылар «қаладағы қадағалау органдарының кодексін бұзды, айтқан тілімізді алмайды, тәртіпке бағынбайды» дегендей әңгіме айтып отыр. «Сосын 15 күн карантинде болады. Содан кейін ғана келіп сіз онымен жолыға аласыз» дейді, – деді адвокат Теңгебек Байымбетов жұма күні.
«ТАҒЫ ҮШ АЗАМАТ ҚАМАЛДЫ»
Адвокат Теңгебек Байымбетовтің айтуынша, осыдан екі ай бұрын «Сопылар ісіне» байланысты тағы үш азамат қамауға алынған. Үш азаматтың екеуінің аты-жөнін атаған авдокат «
алдын ала тергеу жұмыстары басталғанын» айтты.
– Мен өзім Серік Дүкенбай есімді азаматты қорғап отырмын. Екінші азаматтың аты-жөні – Арман Ахметов. Қазір алдын-ала тергеу жұмыстары аяқталып қалды. Менің қорғауымдағы азамат қылмыстық кодекстің 126, сосын 337 ғой деймін қателеспесем, осы баптары бойынша айыпталып отыр. Қазір өзі құжаттармен танысып жатыр. Өйткені мен іссапардан жақында ғана келген едім, – дейді адвокат Теңгебек Байымбетов.
Бұл деректің анығын білмек болып хабарласқанымызбен, құқық қорғау органдарынан түсініктеме ала алмадық.