SMS-хабарламалар (СМС текстер) - кейде жұртты жаңылдыратын «жаңалық», кейде үкімет қолындағы қару.
1992 жылғы желтоқсанның 3-і күні 22 жастағы ұлыбританиялық инженер Нэйл Папуорт алғаш рет компьютерінен досының телефонына «Жаңа жылыңмен!» деген мәтін жіберген.
Содан бергі 20 жылдың ішінде әлем бойынша триллиондаған текст-хабарлама жіберіліп, жыл сайын 112 миллиард доллар түсетін табысты нарыққа айналды.
SMS-хабарламалардың кейбірі БАҚ-та жаңалыққа айналып кететін кездері болады. Төменде соңғы жылдары болған сондай жайттардан мысалдар келтіреміз.
ОТСТАВКАҒА ТҮРТКІ БОЛҒАН SMS-ТЕР
Nokia компаниясының қызметін пайдаланған жоғары лауазымды шенеуніктің SMS-хабарламалары дау тудырып, оның ақыры отставкаға соқтырды.
2008 жылы Финляндияның сыртқы істер министрі Иллка Канерва мен түнгі клубтардың жұлдызы, 29 жастағы биші Йоханн Тукаянен екеуінің жазысқан текст-хабарламалары баспасөзде жарияланғаннан кейін, министр отставкаға кетуге мәжбүр болған.
64 жастағы министр алғашында SMS-жазбаларды 60 жылдық мерейтойына қатысты жазылды деп уәж айтқан еді.
ЖАҢЫЛДЫРУ
Шенеуніктер жазған жеке SMS-хабарламалар кей-кезде жұртты шатыстырып жатады.
2009 жылы қараша айында Канаданың көлік министрі Джон Бэрд үш сөзден тұратын текст-хабарлама жіберіп жұртты жаңылдырған. SMS-хабарламаның мәтіні мынадай болатын: «Тэтчер қайтыс болды».
Бэрд «Тэтчер» деп өзінің 16 жастағы кәрі мысығын меңзеген болып шықты. Ал Маргарэт Тэтчердің «өлімі» туралы «жаңалық» тез тарап, тіпті Канада премьер-министрінің көмекшісі Дмитрий Судас бұрынғы премьер-министрдің «өліміне» қатысты ресми мәлімдеме дайындауға кіріскен.
Тэтчердің аман-сау екеніне көзі жеткеннен кейін Судас «Егер сол мысық тірі болса, өлтірер едім» деп ренжіпті.
ТӨТЕНШЕ ОҚИҒА КЕЗІНДЕГІ КӨМЕК
2011 жылы шілде айында норвегиялық Андерс Брейвик Утойя аралындағы жастар лагеріне оқ жаудырып, 77 адамның қаза тапқаны мәлім болды.
Дәл сол сәтте аралда болған жасөспірімнің бірі, 16 жастағы Джули Бремнес шешесіне 40 шақты SMS-хабарлама жіберген.
Алғашқысы былай басталады: «Мама, полицияға тезірек келсін деп айт. Мұнда адамдар өліп жатыр».
Бремнес анасына телефон соғып, тезірек полицияға хабар беру қажеттігін айтып үлгерген.
Ал анасы қызының тірі екенін біліп отыру үшін қайта-қайта SMS-хабарлама жіберіп отыруын өтінген.
ҚУАТТЫ ҚАРУ
SMS-хабарламалар кей-кезде үкіметтің қуатты қаруына да айналып жатады.
2011 жылы ақпан айының ортасында Египетте ірі қақтығыс болып, халық Хосни Мүбәрәктің кетуін талап еткен кезде египеттік ақпарат министрлігі телефон желілерін пайдаланған. Ол Vodafone, Mobinil, Etisalat сияқты провайдерлердің көмегімен абоненттерге текст-хабарлама жіберіп, «сатқындар мен қылмыскерлерге қарсы тұруға» үндеген.
2011 жылы ақпанның 1-і күні Vodafone абоненттерінің біріне мынадай хабарлама түскен: «Египеттің қорғаныс күштері адал азаматтарды сатқындар мен қылмыскерлерге қарсы тұрып, отбасымыз бен ар-намысымызды, қасиетті Египетімізді сақтап қалуға шақырады».
Каирдегі AlembicHC зерттеу компаниясының сарапшылары "Египет - 74 миллион 900 мың абоненті бар Таяу Шығыс пен Африкадағы телекоммуникация нарығының орталығы болып есептеледі" дейді.
САЯСИ ҚҰРАЛ
Фрэнклин Рузвельт радио арқылы кешкісін америка халқына шешендік толғаулар айтып атағы шықса, Джон Кеннедидің теледидар арқылы жұртты баурап алатын қасиеті болған.
Ал Барак Обаманың президенттік кампаниясы (2012 жылдың күзі) тұңғыш рет әлеуметтік желіні өз мақсаттарына ұтымды пайдалана білді.
Ол сонымен бірге АҚШ-тың тарихында ірі SMS-науқан ұйымдастырған алғашқы саясаткер.