Лондонда ауыр атлетикадан 15 комплект жүлде сарапқа салынады, 84 елден келген 216 ауыр атлет бақ сынасады.
Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея Лондонға 10 ауыр атлет апарады. Ал Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Аруба, Сальвадор, Самоа, Фиджи, Палау, Папуа Жаңа Гвинея, Тувалу елдерінен де ауыр атлеттер келе жатыр. Өзбекстан алты, Қырғызстан бір спортшы сайлап отыр.
ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ
Зүлфия Чиншанло (53 килограмм). Жасы – 19-да. Қазақстанға Қытайдан келген. Ұлты – дүнген. Екі дүркін әлем чемпионы (2009, 2011). 2010 жылы Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Азия ойындарының вице-чемпионы. Чиншанлоның олимпиадағы басты қарсыласы - төрт дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің екі мәрте күміс жүлдегері, түрік Айлен Дасделин. Ал Қытай бұрын-соңды ірі жарыстарға қатыспаған 17 жасар Джоу Джинді баптап жатыр. Бұл спортшы - алтынға таласатындардың бірі. Ал биылғы Еуропа чемпионы, румыниялық Кристина Лову да фавориттердің қатарында. Зүлфия Чиншанло жарысқа, жексенбі, шілденің 29-ында қатысады.
Мая Манеза (63 килограмм). 26 жасар бұл спортшы да Қытайдан келген. 2009 және 2010 жылғы әлем чемпионы. Былтыр Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алды. 2010 жылғы Азия ойындарының чемпионы. Пекин олимпиадасына жолдама
алғанымен, жарақатына байланысты қатыса алмады. Маяның басты қарсыласы - былтырғы Париждегі әлем чемпионатында жеңіске жеткен ресейлік Светлана Царукаева. Одан бөлек, төрт дүркін Еуропа чемпионы, түркиялық Сибел Симсек те осал емес. Мая Манеза жұрт алдына шілденің 31-і күні шығады.
Анна Нұрмұхамбетова (69 килограмм). 19 жасар спортшы балалар үйінде өскен. Ауыр атлетикамен жастайынан айналысады. Қазақстан чемпионы. Париждегі әлем чемпионатына қатысқан. Осыған дейін жарыстарға 75 килограмм салмақпен қатысып келсе, биыл 69 килограмм салмаққа ауысты. Жастар арасындағы Азия чемпионы. Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері. Спортшымыз тамыздың 1-і күні бақ сынайды. Басты қарсыластары – армениялық Мелина Далузян мен ресейлік Оксана Сливенко.
Светлана Подобедова (69 килограмм). Ол да Қазақстанға Ресейден келген спортшы. Ресей азаматы кезінде екі рет Еуропа чемпионы (2004, 2005) атанған. 2006 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде алған соң, Ресей құрамасының бапкерлері Светлана Подобедованы командадан шығарып тастады. Осы жағдайға байланысты, ол 2007 жылы Қазақстан азаматтығын алды. 2009-2010 жылғы әлем чемпионы, 2011 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері. Былтырғы Париждегі әлем чемпионатында Подобедова ресейлік Надежда Евстюхинаға ұтылып қалған еді. Биылғы олимпиада ойындары кезінде де алтынға осы екі спортшы таласады деген болжам бар. Подобедованың жарысқа шығатын күні – тамыздың 3-і.
ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ
Арли Чонтей (56 килограмм). Бұл спортшы да Қазақстанға Қытайдан келген. Әлемдік деңгейдегі жарыстарға алғаш рет қатыспақ. Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі «бұл спортшы - жүлдеге басты үміткерлердің бірі» дейді. Бұл салмақта екі дүркін әлем чемпионы, қытайлық Ву Джинбао мен Америка чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006) кубалық Серхио Алварез Воулет бар. Чонтей жарысқа 29 шілде күні шығады.
Фархад Харки (62 килограмм). Бұл спортшы да Қазақстанға Қытайдан келген. Бұрын ірі жарыстарға қатыспаған. Қазақстан чемпионы. Харкидің қарсыластары - былтырғы әлем чемпионы, қытайлық Джанг Джи; Панамерика ойындарының чемпионы, колумбиялық Оскар Фигуеро; екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы Ерол Билгин (Түркия); 2010 жылғы әлем чемпионы, 2011 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері солтүстік кореялық Ким Ин Гук. Харки 30 шілде күні жүлдеге таласады.
94 килограмм салмақпен Қазақстаннан екі спортшы барады. Бірі Пекин олимпиадасының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы – Илья Ильин, екіншісі – Азия чемпионы Алмас Өтешов. Екеуі де Қызылорда қаласының өкілі.
Ильин 2009 жылы команда бапкері Алексей Ни және Энвер Түркелеримен келіспей, жеке жаттығуға көшкен. Қазір жарыстарға өзінің жеке бағдарламасы бойынша дайындалады. Ал Өтешовті олимпиадаға жеке бапкері Вилорий Пак пен команда кеңесшісі Түркелери дайындады. Қазақстандық екі спортшыдан бөлек олимпиадаға ресейлік Александр Иванов пен украиналық Артем Иванов қатысады. Бұл жарыс тамыздың 4-і күні болады.
БҰРЫНҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР
1996 жылғы Атланта олимпиадасында Қазақстаннан жеті атлет қатысып, тек Анатолий Храпатый (99 килограмм) күміс жүлдеге ие болды. 2000 жылы Храпатый көтеруге тиіс алғашқы салмақты бағындыра алмай жарысты аяқтады.
Әйелдер арасында жарысқа қатысқан Татьяна Хромова да дәл осындай жағдаймен жүлде ала алмады.
2004 жылы 77 келіде Сергей Филимонов күміс жүлдеге ие болды. Пекин олимпиадасында Илья Ильин (94 килограмм) чемпион атанса, Ирина Некрасова (63) мен Алла Баженина (75) күміс медаль тағынды. Ал Мария Грабавецкая (+75) қола алды. Некрасова мен Грабовецкая биылғы олимпиада іріктеуінен өтпей қалды. Ал Алла Баженина, соңғы деректерге сүйенсек, Ресейге кетіп қалған.