Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (13 - 19 тамыз) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.
САБЫР
Бұл үйді шабуылдаудың бейнекөріністерінде бұларды алдымен атқылап, кейін жан-жағынан өртеп жібергені көрініп тұр, яғни бұл операцияның басынан-ақ ешкімді тірі қалдырмау жоспарланған-ды. Таусамалда төрт бала қырылды, мұнда да балалы-шағалы отбасы тұрған шығар, бұлардың сұраушысы жоқ па?
(«Полициямен атыста қаза тапқандар саны 9-ға жеткені хабарланды» атты мақалаға жазылған пікір)
МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ЫЗАКО
Иә, паркинг мәселесі оқсамай тұр. Жалпы, аяғы "г"-мен аяқталатын сөздер қазаққа онша жақпай тұр: пирсинг терімізден, маркетинг ақшамыздан, пауэрлифтинг белімізден, "Гонг" бауырларымыздан айырды. "Г"-ден өзге пәлелер де жыртылып айырылады...
(«Белсенді көлігін дұрыс қоймайтындармен күресіп жүр» атты мақалаға жазылған пікір)
БИКЕ, АРҚА
Жеңіп келгендер нұр бейнелі Нұрекеңнің шапағынан қуат алсын делік. Сонда деймін-ау, анау іріктеу жарысынан өте алмай қалған бейбақтарға папамыздың шуағы жетпей қалды ма екен? Соған қарағанда батареясы отырайын деген-ау, шамасы...
(«Олимпиада жүлдегерлерін марапаттауда барлық мадақ Назарбаевқа айтылды» атты мақалаға жазылған пікір)
P.S. Құрметті оқырмандар,
Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.