Қазір ипотека несиесін төлеу мыңдаған адамға қияметке айналды. Ипотекашылардың мәселесін шешуге банктердің өздерінен бөлек бірнеше тарап кірісіп отыр.
Халық банкінің бас кеңсесінің алдында сәуір айының басында өткен акция қарызын төлеуге шамасы жоқ ипотека иелерінің мәселесі жуық арада шешілмейтінін көрсетті.
Бұл жыл басынан бері өткен бірінші акция емес. Ақпан айында, девальвациядан бірнеше күн өткен соң Қазақстанның әр қаласынан елуге жуық адам Ұлттық банктің алдына жиналып, «үйімізден шығармаңдар, қарызымызды жойыңдар» деп сұраған еді.
2007-2008 жылғы ипотекалық дағдарыстың кесірінен көптеген ипотека иелерінің қарызын төлеуге шамасы жетпеді. Олардың кейбірі банктен жылжымайтын мүлікке қол жеткізу үшін несие алған соң жұмысынан қуылды немесе кәсібінен айрылды. Кейбір мәліметтер бойынша, Алматыда 500 отбасы жалғыз баспанасынан шығып қалуға шақ тұр. Осындай ипотекалық қарызға кірген отбасылардың саны басқа қалаларда да көбейіп барады.
Қарызын төлей алмайтын борышкерлер мәселесін шешуге белгілі бір клиенттердің несие шартын қайта қарауға дайын екенін мәлімдеген банктер ғана емес, бірқатар қоғамдық ұйымдар мен банк омбудсмені де атсалысуға дайын. Азаттық олардың бұл жұмысты қалай іске асыратындарын сұрастырды.
БАНКТЕР
Сәуірдің 2-сі күні Алматыдағы Халық банкінің алдында қарсылық акциясын өткізген ондаған адам банктің жетекші қызметкерлерімен кездесіп, ипотека шарттарын талқылады. Бірақ бұл ипотека алғандардың шағын тобы ғана. Жағдайы қиын борышкерлер мыңдап саналады. Тек Халық банкінің өзінде осындай 2 900 клиент бар.
Халық банкінің проблемалық несиелермен жұмыс істеу департаментінің директоры Данияр Дәулетовтің Азаттыққа айтуынша, «проблемалық» борышкерлерге банк алдындағы қарызын біраз уақыт төлемеген немесе қаржылық мүмкіндігі қарыз құрылымын қайта қарауға мүмкіндік бермейтін клиенттер, іздеуде жүрген, байланысқа шықпайтын төлем иелері және т.б. жатады. Банк әр борышкердің несие шартын жұмсарту туралы шешімді жеке қабылдайды.
Банктің төлемдерін кешіктірген борышкерлерге қатысты стратегиясы бойынша көмек қиын қаржылық жағдайға тап болған, бірақ бұрын қарызын уақытында төлеп тұрған клиенттерге көрсетіледі. Ал жағдайды реттеуге тырыспайтын клиенттерге заңға сай жауапқа тарту шаралары қолданылады, - дейді Данияр Дәулетов.
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР
Ипотека алушылардың мәселесімен әртүрлі борышкерлердің басын қосатын қоғамдық ұйымдар да айналысады. «Халыққа баспананы қалдырайық!» қоғамдық бірлестігі 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді. Оның мүшелері ақпанның 19-ы күні Ұлттық банк ғимараты алдында акция өткізді.
Қоғамдық бірлестіктің жетекшісі Есенбек Өктешбаев Азаттыққа мәселенің әлдеқашан әлеуметтік проблемаға айналғанын айтты. «Бұл мәселе Қазақстан банктерінің Батыстан арзан несиені қалай болса солай ала беруінен, қарыз беру келісім-шарттарын заңды бұза отырып жасағанынан шыққан» дейді ол. Оның айтуынша, одан банктер үстеме пайда көреді, ал клиенттер тақыр кедейге айналады.
Ол, бұдан бөлек, «тұрғындардың табысы қаржылық дағдарысқа орай күрт кемігенін» айтты. Есенбек Өктешбаев Азаттық тілшісіне:
"Әртүрлі аймақта тұратын жағдайы ауыр борышкерлер бірігіп әрекет етсе, банк те, үкімет те есін жияды, бірақ мәселе әлі нақты шешімін тапқан жоқ. Сондықтан банктер мен бақылау органдарының үстінен жаппай арыз түсірмекпіз" деді.
Қазақстандағы ипотекашылардың мәселесімен «Үйімізді қорғайық», «Жалғыз баспана», «Лайықты баспана үшін» және т.б. қоғамдық бірлестіктер айналысады.
ОМБУДСМАН МЕН АРНАЙЫ КОМИССИЯ
Банктер мен борышкерлер арасындағы дауды реттеу үшін 2011 жылдың қазан айында банк омбудсмені лауазымы арнайы тағайындалды. Бұл омбудсменді банк және қаржылық ұйым өкілдері әр екі жыл сайын сайлап отырады. Қазір бұл қызметті Ерсерік Сиырбаев атқарады.
"Омбудсменнің шешімі банк үшін міндетті болып саналады. Ал менің шешіміммен келіспесе, оны тек сот арқылы өзгерте алады" дейді Сиырбаев.
Оның айтуынша, осындай құқықтық институт пайда болғаннан бері 1 200 өтініш түскен, оның 533-і қаралған. 133 өтініш бойынша «келіспеушілікті реттеу туралы» шешім шығарылған. Жүз шақты арыз бойынша шешім қабылдау мүмкін болмаған. Қалған істер омбудсмен араласқанға дейін-ақ шешілген.
"Қазір сотта ипотекалық іске қатысты өтініштер толып жатыр. Бірақ барлық судьяның қаржылық кикілжіңді шешуге тәжірибесі жетпейді. Батыста бұндай даулар сотқа дейін шешіледі. Омбудсмен таласты сотқа жеткізбей шешу үшін қызмет етеді" дейді Ерсерік Сиырбаев.
Оның үстіне, осы жылдың ақпан айында ипотекалық борышкерлер мәселесін шешуге арналған Ұлттық банк комиссиясы жұмысын бастады. Оның құрамына омбудсмен, банк өкілдері мен қоғамдық бірлестік мүшелері сияқты 50 адам кіреді. Отырыс екі аптада бір рет – сәрсенбі күні өтеді, онда ипотекашылардың талаптары тыңдалады. Барлық қорытындылар мен ұсыныстар Ұлттық банкке жіберіледі, сол жерде Қазақстанның банк ісіне қатысты заңы бойынша өзгерістер енгізіледі.
Алматыда өткен соңғы акцияға қатысқан борышкерлер «банктер де, мемлекет те ипотека иелерінің мәселесін шешуге құлықсыз» деп наразылық білдірген.
(Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан)