Ақыртас қалашығының қазіргі ахуалы
Адамдар Ақыртасқа тарихи ескерткішті тамашалау үшін ғана бармайды. Бұл нысанды зиярат мекені көріп, ақтық байлап, тілегінің орындалуын сұрайтындар да бар.
Ақыртас археологиялық кешені 8-12 ғасырлардың мұрасы деп есептеледі. Қалашықтың орны кейде зәулім сарай орнына, кейде қамал-қорғанға да ұқсайды.
Ескерткіштің сақталған бөлігі массивті тас блоктардан қаланған. Сарай сыртында басқа да ғимараттардың орыны немесе іргетестары сақталған.
Кешен ішінде әртүрлі бөлмелердің, су сақтайтын хауыздардың, айвандар мен дәліздердің орыны сақталған.
Ақыртастағы тас блоктарды көтеру қазіргі техникаға да оңай емес.
Геометриялық дәлдікпен кесілген тас блоктардың бетіндегі сызықтар да назар аудартады.
Ақыртастағы тас блоктардың өлшемі де әртүрлі болған.
Ақыртас 162-138,5 метр аумақты алып жатыр. Қабырғасының сақталған тұстағы биіктігі үш метрден асады. Қамал шетінде дөңгеленте салынған мұнара орындары байқалады.
Тас блоктардың кейбіріне қазіргі адамдар да атын жазып кеткен.
Ақыртас батысындағы тас қашайтын орындағы тас блоктың бетіне жазылған адам аттары.
Тас қашайтын орында жасалған астауға ұқсайтын бұйым. Таяу Шығыстағы кейбір қалашықтарда мұндай тас астауларды зороастризм дініндегі құрбандық шалу рәсімімен байланыстырып жатады.
Астауға ұқсайтын бұйым жиегіндегі тасбақа.
Фотограф және тасбақа.
Тас бетіндегі тасбақа.
Ақыртас табиғаты.
Ақыртастағы көктемнің бір күні.