Гир чемпионы көмекке мұқтаж
Your browser doesn’t support HTML5
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті тұрғыны, ардагерлер арасында гир көтеруден әлем чемионы, 78 жастағы Жарболсын Құндақбаев қайырымды жандардан көмек сұрайды. Қарт спортшы өткен жылы үш баласынан бірдей айырылған. Оның алдында әйелі дүние салып, қазір жалғыз қалған. Ол зейнетақысын отын-суына жеткізе алмай әуреге түсетінін айтады. Жергілікті билік өкілдері алдағы уақытта қарияға жәрдем беру жағын ойластырамыз дейді. Қазақстан, 3 наурыз 2016 жыл.