Жалтыркөл ауылының тұрғындары ауыл маңындағы жолға шығып, көліктерді өткізбей, жолды жауып тастады. Олар қол ұстасып жол үстіне шығып, көліктердің жүруіне мүмкіндік бермеді. Тұрғындар біраздан бері жолға тас төгіп, бөгде көліктердің өткізбеуге тырысып келеді.
Жалтыркөлдіктер ауылдан бес километр жерден екі жыл бұрын тас өндіру үшін ашылған карьердің кесірінен қалаға қатынайтын жалғыз жолдың бүлінгенін айтады. Солардың бірі Анария Досмақова бірнеше жыл бұрын ғана салынған осы жолдың жағдайы нашарлап бара жатыр дейді.
2014 жылы 120 миллион теңгеге асфальт жол салынған еді. 2016 жылы қыстан бастап осы жолды құртты.
- 2014 жылы 120 миллион теңгеге осы Жалтыркөлге асфальт жол салынған еді. 2016 жылы қыстан бастап осы жолды құртты, - дейді ол Азаттыққа.
Жалтыркөлдіктердің сөзінше, "жол бұзылған екі жылдан бері ауыл ішінде де ауа тарылып, тыныстап, жүріп-тұру қиындаған". Бұған қоса ауыл ішінде балалардың мектепке қатынауы бейнет болған.
- Біріншіден, шаңнан көз ашпайтын болдық. Екіншіден, тыныштықтан айрылдық. Ауыл ішінде балалар да мектепке бара алмайды. Ата-аналар жетектеп апармаса, мектепке мына жолдың үстінен өте алмайды. Осы жолмен кейбір «Камаздардың» бірімен бірі жарысатыны тағы бар, - дейді жергілікті тұрғын Қайрат Қосанов.
Карьерге өтетін көліктерді тоқтату үшін ауылдықтар кедергі ретінде жолға тас төккен. Өздерінің айтуынша, бейсауат көліктерді өткізбе үшін кезектесіп күзетке тұрады екен. Олардың арасында қарт кісілер де бар.
- Мен аудан, ауыл басшыларынан осы мәселені реттеп беруін сұраймын. Басшылар қол қусырып отырмай жұмыс істесін, - дейді Жалтыркөл ауылының тұрғыны Қалима Ысқақова.
Бізге Астанадан және басқа да елді мекендерден тұтынушылар келіп тас алады. Жолды бүлдірген - солар.
Ал карьерге жауапты адамдар «жолды бүлдірген біз емеспіз» дейді. Карьерде жұмыс жасайтын «Форта метал» компаниясы директорының міндетін атқарушы Сергей Дзюба өздерінің карьердегі жүк көлігінің санаулы екенін айтады.
- Жолды бүлдірген біз емеспіз. Карьерімізде небәрі төрт көлік бар. Бізге Астанадан және басқа да елді мекендерден тұтынушылар келіп, тас алады. Жолды бүлдірген - солар, - дейді ол.
Жалтыркөл ауылы қарайтын Жібек жолы ауылдық округінің әкімі мен карьерде жұмыс істейтін компания өкілдерінің сөзінше, ауыл тұрғындары жолды ашса, қыркүйек айының соңына дейін негізгі жолға қосымша салынған екінші жолдың құрылысы толықтай бітеді.
- Қазір ауыл тұрғындарымен келісім-шарт жасалған. Келісім бойынша тұрғындар жолды ашса, ай соңына дейін екінші жол да салынады, - дейді Жібек жолы ауылдық округінің әкімі Қайрат Ахмадияров.
Ауыл тұрғындары мұндай уәденің бұған дейін берілгенін, бірақ орындалмағанын, енді ешқандай келісімге келмейтіндерін айтады. «Жол мемлекет қаржысына салынсын, ал, карьерге баратындар басқа жолды таңдасын» дейді тұрғындар.
ВИДЕО: Жалтыркөлдегі жол дауы
Your browser doesn’t support HTML5