«Клоун болып біттік» дейді «желтоқсаншыл» ұйымдар

«Желтоқсан рухы» ұйымының белсендісі Талғат Рысқұлбеков. Алматы, 9 қараша 2011 жыл.

Олар «биліктің 1986 жылғы оқиғаға мемлекеттік баға бермеуі өздерін қайыршы күйге түсіріп отырғанын» айтады.

Сәрсенбі, қарашаның 9-ы күні «Желтоқсан оқиғасына қатыстық» деген азаматтар құрған қоғамдық ұйымдар белсенділері арнайы баспасөз жиынын өткізіп, билікке өкпелерін айтты.

«НАРАЗЫЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРАМЫЗ»

– Депутаттар мен парламентке жыл сайын хат жазып, үндеу тастап келеміз. Жиырма жыл бойы қақсап келеміз. Бірақ әлі күнге дейін бізді қайыршы күйге ендіріп отырған билік қашан саяси бағамызды беретіні белгісіз, – дейді республикалық «Желтоқсан–86» қозғалысының басшысы Гүлбаһрам Жүніс.

«Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлнәр Лепесбаева

«Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Гүлнәр Лепесбаева. Алматы, 9 қараша 2011 жыл.

қазіргі билік «желтоқсандықтарды мазақ ететінін» айтты.

– Желтоқсан айында науқан басталады. Бізді ақымақ бала құсап ана әкімшілік бір шақырады, мына әкімшілік бір шақырады кездесулерге. Бізді мазақ қылады, біз клоун болып біттік! – дейді Гүлнәр Лепесбаева.

Ол «желтоқсандықтардың» бұл талабы биыл орындалмаса, «наразылық акциясын ұйымдастыратындарын» айтты.

«САЙЛАУҒА ҚАТЫСАМЫЗ»

Республикалық «Желтоқсан–86» қозғалысының басшысы Гүлбаһрам Жүніс «егер билік өздерінің мәселесін шешуге қауқарсыз болса, мәселені өздері шешетіндерін» мәлімдеді.

– Биылғы жылы тағы көреміз. Алла бұйыртса, алдағы парламенттік сайлауға Желтоқсан көтерілісінің барлық қатысушыларына қатысыңдар деп отырмыз. Сөйтіп парламентті жаулап алайық! Биыл олар шешпесе,

«Желтоқсан–86» ұйымының басшысы Гүлбаһрам Жүніс. Алматы, 9 қараша 2011 жыл.

келер жылы өзіміз шешеміз. Тіпті президенттік сайлауға да түсуге дайынбыз, – дейді Гүлбаһрам Жүніс.

Бүгінгі жиынды ұйымдастырушылар «алдағы парламенттік сайлауға өздерін пайдаланып, саяси ұпай жинап жатқандар» бар екенін де айтты.

– Азат Перуашев басқарып отырған «Ақ жол» партиясы 400-ден аса желтоқсандықтарға Алматы қаласында тегін жүру мүмкіндігін берді. Дәлірек айтқанда, «бердік» деді. Бірақ осы отырғандарыңның қайсысың алдыңдар? Бұл тек қана сөз жүзінде қалып отыр! Жарнама! – деді «Желтоқсан рухы» ұйымының белсендісі Талғат Рысқұлбеков.

Жиналғандар «Желтоқсанның атын жамылып, саяси ұпай жинау мақсатында пайдалану тоқтатылсын! 25 жыл бұрын болған Желтоқсан оқиғасына саяси баға берілсін!» деп, Қазақстан президенті мен үкіметіне үндеу жолдап тарасты.