«Желтоқсан рухы» және «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық қозғалыстарының өкілдері биліктің қазіргі саясаты Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың рухын өшіруге арналған дей келе, мұның астарында ұлт мәселелеріне қазақ тіліне деген немқұрайдылық жатқандығын айтады. Олар тіл мәртебесін көтерер жаңа заң қабылдануын талап етеді.
«Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенғазы Сәдуұлының айтуына қарағанда, мемлекет тәуелсіздік алғалы бері қазақ тіліне қатысты ешқандай нақты іс-шаралар жүзеге асқан жоқ.
- Қазақтар өз жерінде өгей шешеден туғандай күн кешуде. Оның бір дәлелі – бірде-бір іс қағазы ана тілінде толтырылмайды. Егер бұл мәселе 17 желтоқсанға дейін шешімін таппаса, біз аштық жариялаймыз, - деді Бейсенғазы Сәдуұлы.
«Желтоқсан рухы» қоғамдық қозғалысы төрағасының орынбасары Талғат Рысқұлбеков билік басындағылар Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың ерлік істерін сыйлағанның орнына қайыршылық пен мүгедектіктің зардабын тарттырып отыр дей келе, биліктен жаңа Ата заң қабылдап, қазақ тілінің мәртебесін көтеретін заң шығаруын талап етті.
- Біз керек болатын болса, кесіліп, қарнымызды жарып тастауға дайынбыз. Бұл - сауапты іске бәріңізді шақырамыз. Қандай да бір саяси акцияларға немесе үкіметтің билігіне араласып жатқан жоқпыз. Қарапайым ғана талабымыз – ұлтымызды, тілімізді жайына қалдырсын. Егер билік басындағылар 100 тіл білетін болса, онда оны балаларына үйретсін, - дейді Талғат Рысқұлбеков.
Ал, «Ұлт тағдыры» қозғалысының Астана қаласындағы бөлімінің төрағасы Жангелді Шамшықов демократиялы мемлекетте халықтың тағдырына байланысты мәселеде халықтық пікірімен санасу керек дегенді алға тартады.
- Бұдан бұрын жер сатқан кезде, жер қойнауларындағы байлықты бөліске түсіріп жатқан кезде халық көтерілген жоқ болатын. Бәріне шыдап келдік. Енді ұлтымызды, тілімізді саудаға салмақшы. Ең бір қызығы демократиялы мемлекет орнатамыз деп бастаған іс-әрекеттің неге айналып келе жатқанын ойлаудың өзі жан түршігерлік жағдай,- деді Шамшықов.
БИЛІКТІҢ МАҚСАТЫ – ҰЛТСЫЗДАНДЫРУ
«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Мұхтар Шаханов Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың тіл мәселесіне қатысты бастамасын толық қолдайтынын білдірді. Ол қазақ ұлтының тілін сақтап қалу үшін денсаулығына қарамастан бірге аштық жариялайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол «Ел бірлігі», «Қазақстандық ұлт» доктринасының қабылдануына қарсы екенін айтады.
- Билік неге осындай қадамдарға барып отыр? Билік қазіргі кезеңде қазақ ұлтын жойып, «Қазақстандық» деңгейге апарса, «Ел бірлігі» доктринасын қабылдап жіберсе, біз сонда «мен ұйғырмын», «мен қазақпын» деп айта алмайтын жағдайға жетеміз. Өйткені, бәріміз бір боламыз. Бөлектенгенің үшін жауапқа тартыласың. Рухани байлығымызды да еске ала алмайтын жағдайға тап боламыз,- дейді Мұхтар Шаханов.
- Биліктің мақсаты – ұлтсыздандыру. Тәуелсіздік алған 18 жыл бойына тіл мәселесіне келгенде ешқандай әрекет жасамаған парламентті тарату керек, - деп талап қояды әдебиеттанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметов. Танымал қаламгер Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бастамасын халық болып қолдау қажет екендігін айтады.
- Биліктегілер мемлекеттік тілде сөйлемейді. Біз оларға сенім арта алмаймыз. Сондықтан халық болып бір жағына шығуымыз керек. Шешуші сәт туды,- дейді ғалым.
Егер жоғары билік өкілдері ұлт патриоттарының аталған талаптарын ескерусіз қалдырса, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдар тобымен бірге аштық жариялауға отырмақ. Аштық жариялау акциясы 17 желтоқсан күні Желтоқсан көтерілісі құрбандарының рухына тағзым етіп, құран бағышталған соң басталатын болып келісілді. Олар талап орындалмайынша, аштық акциясының тоқтамайтынын ескертеді.