Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алуға арналған шара биыл да Теңге ауылында өтті. Алты жыл бұрын болған оқиға құрбандары осы жердегі зиратқа жерленген.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарын еске алу шарасына ас әзірлеп жатқан адамдар.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген асқа келген адамдар амандасып тұр.
Жаңаөзен оқиғасында аяғынан оқ тиіп, мүгедек боп қалған Дүйсен Нұровтың жұбайы Шолпан Өтекеева Жаңаөзен құрбандарына берілетін астың мәзірін дайындап жатыр. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген асқа келген адамдардың қолына су құйып тұрған бала.
Жаңаөзен оқиғасынан соң алты жылға сотталып, кейін шартты жазамен бостандыққа шыққан Мақсат Досмағамбетов (оң жақта) асқа қатысуға келді.
Дастарханға ас қойып жатқан әйел.
Жаңаөзен оқиғасынан соң жеті жылға сотталып, кейін шартты жазамен бостандыққа шыққан мұнайшылар белсендісі Роза Төлетаева Жаңаөзен құрбандарына берілген асқа қатысып отыр.
Байырғы мұнайшы, Жаңаөзен құрбандарына ас беруді ұйымдастырушылардың бірі Аманияз Мұрынбаев:
- Әрине, біздің басымыз қосылатын бұл қаралы күнде билік алаңдай бастайды. Бірақ қаза болған боздақтарды еске алуды тоқтатпаймыз, - дейді.
2011 жылғы желтоқсанда болған Жаңаөзен оқиғасының құрбандарына құран бағыштау.
Жаңаөзен оқиғасының куәгері, кейін жұмбақ жағдайда қаза болған Александр Боженконың зиратының басында құран оқып отырған адамдар.
Теңге ауылының имамы Наурызбек Қалдыбаев (сол жақта) пен Жаңаөзендегі Әбіш қожа мешітінің бас имамы Құрманбек Әбдалиев Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына берілген аста отыр. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоксан 2017 жыл.
Теңге ауылында Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп біткенше сол маңда арнайы бақылау қондырғылары орнатылған полиция көлігі тұрды.
Жаңаөзен оқиғасы құрбандарына ас берілген жерде тұрған адамдар. Теңге ауылы, Маңғыстау облысы, 9 желтоқсан 2017 жыл.