Көлік иелерін тұрақ мәселесі қинайды
Қарама-қарсы екі қатар етіп көлік қоюға арналған тұрақта тағы екі-үш қатар пайда болған.
Иін тірескен көліктен ғимараттың алдындағы шағын тұраққа келген көліктің айналып шығуына мүмкіндік жоқ.
Мына бір қоршалған аумаққа тек ғимарат қожайындары ғана көлік қоя алады. Тұрақтың екі жағына да шлагбаум орнатып қойған.
Тұраққа кірген көліктер қайтарда кері шегініп шығуға мәжбүр.
Кейбіреулер өзге көліктің жолын жауып, қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрап, өзі қалдырған автомобильге телефон номерін жазып қойған.
Ал бұл уақытта осыдан ондаған метр жерде орналасқан ақылы автотұрақта бос орындар бары байқалады. Бұл жерге көлікті сағатына 100 теңге төлеп қалдыруға болады.
Ақылы автотұраққа Әл-Фараби даңғылы жақтан еркін кіріп-шығуға болады.
Ақылы тұраққа кіріп-шығып жатқан көліктер.
Сонымен бірге ғимараттың астыңғы қабатында автоұрақ бар. Бірақ оған арнайы рұқсат қағазымен кіргізеді.
Өзгелердің жолын бөгеп, екінші қатарға қойылған мына көліктің доңғалағының желі шығып кеткен.