Керчьте не болды?

25 қарашада күндіз украин әскерилері Ресей шекарашыларының кемесі Одессадан Мариупольге бағыт алған украин әскери катерлерін соғып өткенін айтты

Ресей жағы украин кемелері "уақытша жабық акваторияны заңсыз кесіп өтті", "шекарашылардың талаптарына бағынбады" деп мәлімдеді. Бұл оқиғадан соң Керчь бұғазындағы жолды уақытша жапты.

Кешке қарай шекарашылар украин кемелерін өткізе бастаған, бірақ көп ұзамай украин кемелерінің басып алынғаны туралы хабар тарады. Оқиға кезінде жараланған бірнеше әскери қызметкерге медициналық көмек көрсетілген. Олар Керчь қаласына жеткізілген.
 

25 қарашада түнде белсенділер Киевтегі Ресей елшілігінің алдына келіп, наразылық акциясын өткізген.

Акцияға қатысушылар ұсталған әскерилерді босатуды талап етті

Киевте белсенділер Ресей елшілігіне тиесілі көлікті өртеді 

26 қараша күні НАТО Ресейді украин теңізшілері мен кемелерін шұғыл босатуға шақырды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да Франция, Нидерланды, Польша, Ұлыбритания дәл осыған ұқсас талаптар қойды.

Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің кезектен тыс отырысында қызмет басшысы Петр Цигикал шекара қызметінің күшейтілген режимге көшетінін, ал әскердің толық дайындық жағдайына кірісетінін хабарлады

Ресейде оқиғаға қатысты "мемлекеттік шекараны бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал Ресейдің сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Киев Ресейді арандатып отыр деп айыптады.