Ресейді Қырыммен жалғайтын көпір
Керчь бұғазы арқылы жаңадан салынып жатқан көпірдегі жұмысшылар.
Автокөлік жүретін жол бетіне жолақ белгілер сызу сәуірдің 13-інде басталған.
Көпір құрылысының Ресей жақтағы бөлігінде тұрған жұмысшылар.
Құрылысшылар сәуірдің 26-сы күні жаңа көпірдің автокөлікке арналған бөлігіне асфальт төсеуді аяқтағаны туралы хабарлаған.
Ресей жақтан жаңа көпірге шығар тұсқа "Қырым" деген жазу орнатылған.
Құрылыс басында жүрген жұмысшылар.
Украина инфрақұрылым министрлігі Керчь бұғазында салынып жатқан көпір құрылысын заңсыз деп санайды. Мемлекет оны салуға рұқсат бермеген.
Көпір аркасы арқылы өтіп бара жатқан кеме. Украинаның Бердянск және Мариуполь порттары Керчь бұғазындағы жаңа көпір мұхитта жүзуге арналған үлкен жүк кемелерінің өтуін қиындатып, теңіз арқылы тасымалдау бизнесін дамытуға кедергі келтіріп, нарыққа шығар жолды кесіп отыр деп мәлімдеді.
Көпір құрылысына байланысты Украина инфрақұрылым министрлігі БҰҰ-ның теңіз құқығы туралы халықаралық трибуналына жүгінбекші.
Керчь бұғазындағы жаңа көпірдің Ресей жағынан қарағандағы көрінісі.