Мақта терген әйелдер

Мақта терген әйел.  

Әйелдер арқалап жүретін қолдан тігілген қаптарға мақтаның 8-10 килограмына дейін жинауға болады. 

Ноокен ауданында мақтаны әйелдер жинайды деген түсінік бар. Жұмысқа шыдамаған қыздарды мұнда жақтырмайды.  

Таразыға мақта әкетіп бара жатқан әйелдер.

Мақта теру - мұндағы әйелдер үшін ақша табудың бір жолы. Мақтаның бір килограмына 5-7 сом (8 АҚШ центі) төленеді.  

 

Кейбір әйелдер күніне 60-70, кейде 110 килограмм мақта тереді. 

Күні бойы мақта терген әйелдер кешқұрым үйлеріне асығады. Өйткені, ас әзірлеп, үйдегілерді тамақтандырады. Ертеңінде таңмен таласып алқапқа келген олар мақта теруге қайта кіріседі. 

Мақта терімі біткенше әйелдер тыным таппайды, бірақ алқап басында жүрген олар қажығанын білдірмейді.  

Әйелдер шаңнан қорғанып, осылай оранып алады. Қолғап кимесе, қол тозады. 

Мақта тасыған шаруа.

Еркектердің міндеті - әйелдер жинаған мақтаны тасу. 

Әйелдер кейде алқапқа балаларын алып келеді.  

Мақта алқабы.

Бір гектардан шаруалар мөлшермен бір немесе бір жарым тонна мақта алады. Тамыздан қарашаға дейін мақтаны бірнеше мәрте жинайды.  
 

Мақтаны қолмен тереді. Бес-алты әйел бір гектар жердің мақтасын екі күнде жинап алады.  

Қырғызстанның Ош және Жалал-Абад облыстарында мақта теру науқаны жүріп жатыр.