Қырғыз конституциясын қалай өзгертпек?

Қырғызстан конституциясы.

Алдағы жексенбі күні Қырғызстан халқы билік мен оппозицияның дауына себепкер болған конституциялық өзгеріске дауыс береді.

Желтоқсанның 11-і күні Қырғызстанда өтетін референдумда конституцияға президент, премьер-министр, депутат, судья құзыры, азаматтардың құқығы мен бостандығына қатысты 26 өзгеріс ұсынылады.

Қырғызстан азаматтары жаңа конституция жобасын тұтастай "қолдаймын" немесе "қолдамаймын" деп қана дауыс береді. Конституция жобасындағы жекелеген баптарға дауыс бөлек берілмейді.

Ұсынылған өзгерістер қабылданса, премьер-министр құзыры өсіп, министрлерді қызметке өзі тағайындап, өзі босата алады. Сондай-ақ заң жобасында ер мен әйел ғана некелесе алатыны ашық жазылған.

Қырғызстан заңдарына енуі мүмкін кейбір өзгеріс пен толықтыруларды салыстырмалы кестеде назарларыңызға ұсынамыз.

ЖОГОРКУ КЕҢЕШ ДЕПУТАТТАР ҚҰҚЫҒЫ

Қазіргі бапҰсынылған толықтыру мен өзгерту
Депутат мемлекеттік қызметтерді қосып атқара алмайды.Депутат премьер-министр, вице-премьер-министр болып тағайындалса да, депутаттық мандатын сақтап қалады.

Конституцияның 72-ші бабына қосылуы мүмкін тармақ: Жогорку Кеңеш депутаты премьер-министрдің және бірінші вице-премьер-министрдің қызметіне парламент жиындарында дауыс беру үшін депутаттық мандатын сақтап қалу мүмкіндігімен тағайындалуы мүмкін.

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТІ ЖАЙЛЫ

Қазіргі бап Ұсынылған толықтыру мен өзгерту
Премьер-министрдің өтінішімен президент министрлерді қызметінен босатады.

Премьер-министр ұлттық қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттік қорғаныс істері комитетінің төрағаларынан өзге министрлерді тағайындап, қызметтерінен босата алады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ

Қазіргі бап Ұсынылған толықтыру мен өзгерту
Жергілікті сот шешімінен адам құқықтарына қатысты халықаралық келісімдер жоғары тұрады.

Қырғызстан халықаралық құқық нормаларын, халықаралық келісімдердің жаңа қабылданған принциптерін қолдану-қолданбауды өзі шешеді.

СУДЬЯЛАР ЖАЙЫ

Қазіргі бапҰсынылған толықтыру мен өзгерту
Мінсіз қызмет ету талаптарын сақтамаған судья конституциялық заңдарда көрсетілген нормалармен жауапқа тартылады.Мінсіз қызмет ету талаптарын сақтамаған судья мемлекеттік қызметте істей алмайды және қызметтегі судьялар мен зейнеттегі судьяларға берілетін жеңілдіктерден қағылады.
Жергілікті сот судьяларын ротациялауды сот кеңесі жүргізеді. Сот кеңесі қызметке тағайындалатын судьяны таңдап, ұсынады.

Жергілікті сот судьяларын ротациялауды президент жүргізеді. Жергілікті соттардың мінсіз жүріс-тұрыс талаптарын бұзған-бұзбағанын судьялар кеңесіне қарасты тәртіптік комиссия анықтайды.

ОТБАСЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ЗАҢЫ

Қазіргі бап Ұсынылған толықтыру мен өзгерту

Кәмелет жасына жеткен кез келген азамат отбасын құра алады.

Ер мен әйел ғана отбасын құра алады. (Біржыныстық неке туралы заң жобасында ештеңе жазылмаған - ред.).

Адамды азаматтығынан ешкім айырып, азаматтығын өзгерте алмайды.Мемлекет кейбір жағдайда адамды азаматтықтан айыра алады. (Қандай негізде екені жазылмаған - ред.).

БАС ПРОКУРОРДЫ ҚЫЗМЕТТЕН АЛУ

Қазіргі бапҰсынылған толықтыру мен өзгерту

Бас прокурор Жогорку кеңеш депутаттарының үштен бірінің мақұлдауымен қызметтен кетеді.

Бас прокурорды қызметтен кетіруге өтінішті президент береді және ол өтінішті Жогорку кеңеш депутаттарының жартысы мақұлдауы керек.

Қырғызстан билігі конституцияға енетін өзгерістер "мемлекет тұрақтылығын сақтауға кепіл болатынын" айтады. Ал оппозиция өкілдері "ол өзгерістер қазіргі президент Алмазбек Атамбаевқа президенттік қызметінен кеткен соң саяси ықпалын сақтап қалу үшін керек болып отыр" деп сынайды.

Қырғызстанның қолданыстағы конституциясы 2010 жылы қабылданған.