Қазақ спортшыларының кестесі: 1-2 тамыз

Дзюдодан әлем чемпионы, қазақстандық Максим Раков Лондон олимпиадасына дайындалып жатыр. Алматы, 3 сәуір 2012 жыл.

Назарларыңызға тамыздың 1-і мен 2-сі күндері күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылардың кестесін ұсынамыз.
1 ТАМЫЗ

Бұл күні Астана уақыты бойынша кешкі 18.30-да бокстан 56 килограмм салмақ дәрежесінде Қанат Әбутәліпов Лондондағы екінші кездесуін өткізеді. Қарсыласы – Джон Джое

Қазақстандық боксшы Қанат Әбутәліпов (қызыл) сириялық боксшы Вессам Сламанамен (көк) кездесті. Лондон, 28 маусым 2012 жыл.

Невин (Ирландия).

Алматы уақыты бойынша, тамыздың 1-нен 2-сіне ауған түні сағат 01.30-да аса ауыр салмақтағы Қазақстан боксшысы Иван Дычко Эрик Пфейфермен (Германия) рингке шығады (Бұл кездесу олимпиада кестесінде Лондон уақытымен тамыздың 1-і деп белгіленген).

Түскі сағат екіде семсерлесуден Элмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин және Юлия Живица жарысқа түседі. Семсерлесуден жүлделер осы күні сарапқа салынады.

Дзюдодан 90 килограмм салмақтағы Тимур Болат 14.30-да татамиге шығады. Алғашқы қарсыласы - египеттік Хещам Мезбах.

Ал 18.15-те велоспорттан Александр Винокуров пен Асан Базаев жекелей жарысқа қатысып, медальға таласады.

200 метрге шалқалап жүзуден жарысқа шығатын Александр Тарабрин іріктеу жарысын бастайды.

Ал 20.30-да ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова жарысқа шығады.

2 ТАМЫЗ

Астана уақыты бойынша 18.30-да 60 килограмдағы боксшы Ғани Жайлауов үндістандық Джаи Вхагванмен жұдырықтасады.

Түскі сағат екіде дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков татамиге шығып, жүлдеге таласады. Бірінші қарсыласы - әзірбайжандық Елмар Гасимов.

Осы күні су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Грекия командасымен кездеседі.