Қираған үйлер, "Азовсталь" үйіндісі. Ресей басып алған Мариупольдің қазіргі өмірі

Мариупольде қираған үйлер. 29 қазан 2022 жыл. 

Reuters агенттігі жариялаған бұл фотолар Ресей басып алған Мариупольдің қазіргі ахуалын көрсетеді. Бұл қаланы Ресей әскері бес ай бұрын толық бақылау орнатқан. 

Қираған ғимараттың маңында жаттығып жүрген футболшылар. 29 қазан 2022 жыл.
 

Құрылысшылар қираған үйде жүр. 

Ресей басып алған Мариупольден суреттер сирек жарияланады. 29 қазан 2022 жыл.

Мариупольдегі ресейлік әскери техникалар. 19 қазан 2022 жыл.

Ер адам қираған үйдің жанында жұмыс істеп жүр. 

Ресей 24 ақпанда Украинаға басып кірген бетте Мариупольді қоршауға алып, мамырда толық бақылау орнатқан. Ресейлік әскерилер қаланың 90 пайызын бомбалап тастаған. Қалада мыңдаған адам бейбіт тұрғын көз жұмды. 
 

Қалада қираған ғимараттардың көбі сол күйі тұр. 29 қазан 2022 жыл.

"Азовсталь" зауытының 29 қазандағы көрінісі. "Азов" батальоны осы "Азовстальда" бекініп, Ресей әскеріне соңғы сәтке дейін тойтарыс берді.

"Азовстальдің" үйіндісі. ТАСС агенттігінің мәліметінше, "Ресей 831 миллион доллар жұмсап, бұл зауыттың орнында индустриялы парк пен логистикалық орталық ашпақ".
 

Мариупольде соғысқа дейін 431 мың адам тұрған. Қазір қалада халықтың ширегі ғана қалған.