Президент Тоқаевтың ақын Арон Атабекке рақымы түсе ме?
Your browser doesn’t support HTML5
Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп таныған диссидент Арон Атабектің ауруханада жатқаны хабар тарағалы бір күн өтсе де ресми органдардан әлі жауап жоқ. Ал қоғамда оған бостандық талап ететіндер көп. 2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, соның 15 жылын түрмеде өткізген ақынға рақымшылық жасау туралы ұсынысты депутаттар да көтерген. Ұсынысқа жауап бар ма? Рақымшылық жасалатындар тізіміне диссидент ене ме? Сұрақтарға депутаттар жауап берді.