26 наурыз күні коррупцияға қарсы митингілер Мәскеуде ғана емес, Ресейдің басқа аймақтарында да өтті.
Көп қалалардың билігі митингілерге рұқсат бермеді.
Полиция мәліметі бойынша, Мәскеудегі шеруге 8 мыңға жуық адам қатысқан. Белсенділер 20 мың адамның келгенін айтады.
Наразылардың негізгі талабы - Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев туралы «Он вам не Димон» фильмі жарыққа шыққаннан кейін осы фильмде көрсетілген коррупция фактілерін (Ресейдің жоғарғы лауазымды тұлғаларына қатысты) тексеру. Фильмді Навальный басқаратын Коррупцияға қарсы қор түсірген еді.
Жүгіруге арналған аяқкиім наразылықтың символына айналды. Навальныйдың айтуынша, коррупциялық схемалар туралы фильмді түсіруге Медведевтің кроссовкаларын зерттеу түрткі болған.
Көп адам шеруге иығына кроссовка асынып келді.
Шара өткен жерде көп кроссовкалар ілінді.
Навальный шеру басталған бетте Тверь көшесінде ұсталды.
Ресейдің көптеген қалаларында өткен, мыңдаған адам қатысқан бұл митингілер туралы бірде-бір федералдық телеарна тырс еткен хабар бермеді.
Мәскеуде наразылық шарасы халықтық серуен түрінде өтті. Әртүрлі деректерге қарағанда, шеруге 8 мың мен 20 мың арасында адам қатысқан.
Адам құқықтарын қорғайтын "ОВД-Инфо" жобасы 700 белсендінің ұсталғанын хабарлады. Бұл бес жыл бұрын Болотный алаңында өткен шерулерде ұсталғандардан әлдеқайда көп.
Полиция наразыларға күш қолданды.
Мәскеу мэриясында полиция әрекетін "заңды" деп мәлімдеді.
Автозактарға негізінен белсенді шерушілерді қамады.
26 наурыз күні полиция Навальныйдың Коррупцияға қарсы қоры қызметкерлерін де ұстады. Қор белсенділері Ресей аймақтарында өтіп жатқан шерулерден онлайн-трансляция жүргізген еді.
Мәскеудегі шеру бес сағатқа созылды.
Шеру ұйымдастырылмаған түрде өтті.
Мәскеу билігі ұсталғандардың көпшілігіне азаматтық кодекстің "жария шараларды өткізу тәртібін бұзу" бабы бойынша хаттама толтырылатынын айтады. Бұл бап бойынша не айыппұл салынады, немесе әкімшілік қамау шарасы қолданылады.
Наразылық акциясы кезінде полиция жаппай ұстау операциясын ұйымдастырды.