Өртке оранған үйлер: Армяндар Әзербайжанға тиесілі аймақтан қалай көшіп жатыр?
Тұрғындар Кельбаджар ауданы Чаректар (әзербайжанша Чарактар) ауылындағы үйлердің бықсып жанып жатқанына қарап отыр. Таулы Қарабақтың батысындағы Әзербайжан ауданы Ресейдің араағайындығымен жасалған келісімге сәйкес Баку бақылауына өтпек.
Армян шіркеуінің қызметшісі Кельбаджар ауданындағы Дадиванк монастрінің діни жалауын алып бара жатыр.
Өртенген үйлердің түтіні әуеге тарап жатыр. Төменде Кельбаджар ауданынан көшіп жатқан армяндардың көліктері кептелісте тұрғаны көрінеді. Әлемдік қауымдастық бұл аудан Әзербайжанға тиесілі деп санайды. Этникалық армяндар аудандағы ежелгі христиан ескерткіштеріне сілтеп, бұл жермен тарихи байланысы барын айтады.
Кельбаджар ауданы Дадиванк монастырінің жанындағы өртеніп кеткен жанармай бекеті. 1990 жылдардың басында Ереван қолдау танытқан армян сепаратистері Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандарды басып алғанда, осы аймақтан жүздеген мың әзербайжан үй-жайын тастап көшуге мәжбүр болған.
Кнараван ауылында армян сарбаздары бағаналарды құлатып жатыр. Әзербайжан-армян шекарасына жақын жатқан Кельбаджар ауданындағы бұл бағаналарды этникалық армяндар жақында ғана тұрғызған еді.
Чаректар (Чарактар) ауылында этникалық армян екі қазды әкетіп барады.
Кельбаджар ауданындағы ауылдың өртеніп жатқан жұрты.
Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртке оранған құрылыс нысаны.
Дадиванк монастырінен шешіп алынған қоңыраулар. Арменияға көшіп жатқан тұрғындар бұл қоңырауларды өзімен бірге әкетпек.
Әзербайжанның Кельбаджар ауданындағы өртенген үйлердің түтіні. Этникалық армяндар Әзербайжанға қайтарылатын бұл ауданнан көшіп жатыр.
Кельбаджар ауданы Ехегнут ауылындағы бағанадан сымды шешіп жатқан ер кісі.
Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртеніп жатқан үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адам.
Этникалық армяндар бұзып әкеткен электр станциясының орыны.
Этникалық армян Гаро Дадевусян (оң жақта) Кельбаджар ауданындағы үйін өртемес бұрын оның металл шиферін шешіп жатыр.
Көшіп бара жатқан әйел Иса пайғамбар мен алғашқы мәсіхшілер бейнеленген діни мазмұндағы суретті қоса әкетіп барады.
Өртенген үйлердің жанынан өтіп бара жатқан жүк көлігі. Жақында ғана тұрғызылған Кнаваран ауылы енді Әзербайжанның бақылауына өтпек.
Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртенген мектептің алдында отырған ит.
Армян отбасы Чаректар (Чарактар) ауылындағы өртеніп жатқан үйіне қарап тұр.