"Үңгірдегі ұлтшылдық". Тіл дауы, Ресей реакциясы, Абаевтың бағасы
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев қазақша сөйлеуді талап етіп жүрген белсенділер әрекетін «жабайы ұлтшылдық» деп атады. Мұндай сөзді ол «Қазақстанда орыстарға жеккөрініш бары» туралы айтылған Мәскеу мәлімдесінен соң айтып отыр. Желідегі жұрт Абаев сөзіне ашулы.