Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Астанаға қатысы жоқ адамдарға көше атын беруді" сынады
Your browser doesn’t support HTML5
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәуірдің 5-і күні Астана қаласының даму мәселесіне арналған жиында "Астанаға қатысы жоқ адамдардың атына көше беруді" сынады. "Мұхамеджанов, Мұхамедханов деген кім ол?" деген президент сауалына қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев көше абайтану ғылымының негізін қалаған ғалым Қайым Мұхамедхановтың құрметіне қойылғанын айтты. "Абайтану, Әуезовтану, басқа тану... Соның барлығына қоя бересің бе [көше] аттарын? Қандай қатынасы бар?" деп сөкті Назарбаев. "Осы шақ" бағдарламасының видеосы – орыс тілінде.