Қазақстан азаматтарына жерді меншікке беруді кейінге шегерудің себебі неде?
Your browser doesn’t support HTML5
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін парламенттің қос палатасы мақұлдаған «Жер қатынастары туралы заңға» қол қойды. Құжатқа сәйкес, жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді. Бірақ әзірге Қазақстан азаматтарына жер сату мәселесіне нүкте қойылмады. Бұл баптарға тағы да 5 жыл мораторий жарияланды. Бұған парламент депутаттарының пікірі қандай?