Хиджаппен - рингке
Пәкістанда қыздар бокс мектебінің ашылғанына көп адам наразы болды. Мұндағы кейбір адамдар қыздар спортпен айналыспауы керек деп санайды.
Суретте: 17 жастағы Мисба жаттығуда жүр.
Бокс мектебінде 8 бен 17 жас аралығындағы 20 шақты ғана шәкірт бар. Соның өзінде бұл мектеп туралы жұрттың өсегі көп.
Бапкер Юнус Камбрани тоғыз жасар Аришті жаттықтырып жатыр.
Бокс мектебі Карачидегі шағын ғимаратта орналасқан. Оның өзі жөндеуден өтіп жатыр.
Суретте: 12 жасар Табиа жаттығу аяқталғаннан кейін аяқкиімін шешіп отыр.
Мектептің мұндай ғимаратта болуы қыздарға ыңғайлы, көлденең жұрттың көзінен таса.
Суретте: 16 жастағы Азмина.
Бапкер қыздардың шеберлігін жетілдіруге спорт жабдықтарының ескілігі кедергі екенін айтады. Ол жағдай бара-бара жақсарып кетеді деп үміттенеді.
Суретте: 17 жастағы Анум.
Карачи қылмыс көп жасалатын қала болып есептеледі. Бокс қыздардың өздерін қорғауына септеседі.
Суретте: 15 жастағы Мехек.
Бокс мектебінде ашық турнирлер өтеді. Оған маңайдағы мектептердің оқушылары қатысады.
Суретте: бапкердің көмекшісі Надир 15 жастағы Уроойға бокс шлемін киюге көмектесіп жатыр.
Суретте: 12 жасар Табия мен 11 жасар Аамна Синд провинциясы жасөспірімдер турнирінде бокстасып жатыр.
Суретте: Бапкерлерімен суретке түскен боксшы қыздар.